Philips MR400 Manual De Instrucciones página 167

16 «Техникалық қызмет жəне ақауларды жою» тарауының «Тазалау, зарасыздандыру жəне зақымдану белгілерін
сырттай тексеру» бөліміндегі «Тазалау, зарарсыздандыру жəне қосалқы құралдарды сырттай тексеру» тармағына
мынадай ескерту мəлімдемесі қосылды:
ЕСКЕРТУ: сұйықтықтың кіруіне жол бермеу үшін қосалқы құралды автоматты жолмен тазалауға əрекеттенбеңіз.
17 «Техникалық қызмет жəне ақауларды жою» тарауының «Тазалау, зарасыздандыру жəне зақымдану белгілерін
сырттай тексеру» бөліміне мынадай бөлім тармақтары қосылды:
Қосалқы құралды тазалау жəне зарарсыздандыру
Бұл бөлім барлық қайта пайдаланылатын
түтіктеріне қатысты. Қосалқы құралды пайдалану алдында жəне емделушілерге пайдалану арасында тазалап,
зарарсыздандырыңыз.
ЕСКЕРТУ: құрылғыны сұйықтыққа батырмаңыз, суламаңыз жəне құрылғыға сұйықтықтың немесе кірдің кіруіне
жол бермеңіз, əйтпесе құрылғыны зақымдауыңыз мүмкін. Қосалқы құралды ажыратпаңыз.
SpO
ЕСКЕРТУ:
қысқыштарын, ЭКГ кабельдерін жəне ИЕҚҚ манжеттері мен түтіктерін осы процедураға сəйкес
2
тазалап зарарсыздандырыңыз. Əйтпесе қауіпті химиялық заттардың əсері тері реакциясын тудыруы жəне дұрыс
зарарсыздандырмау инфекцияға себеп болуы мүмкін.
Талаптар:
• Өндірушінің нұсқауларына сəйкес
дайындалған ферментті жуғыш
тазалағыш ерітінді
• Ионсыздандырылған су
Процедура:
1. Қосалқы құралды тексеріңіз. Егер ол зақымдалған немесе бұзылған болса, оны тастаңыз. Олай болмаған
жағдайда келесі қадамға өтіңіз.
2. Қосалқы құралды жүйенің басқа еш бөлігінен ажыратпаңыз. Артық кірден кетіру үшін ионсыздандырылған
сумен дымқылданған түбітсіз шүберекті пайдаланыңыз.
3. Басқа түксіз матаны дайындалған ферментті тазалау ерітіндісімен дымқылдаңыз.
4. Қосалқы құралды абайлап тазалаңыз. Барлық көзге көрінетін кірден тазартыңыз.
5. Жарықтарға немесе кішкентай аймақтарға қол жеткізу үшін тампонды немесе щетканы пайдаланып, 3 жəне
4-қадамдарды қайталаңыз.
6. Жуу құралының артық қалдықтарын кетіру үшін таза, түбітсіз шүберекті немесе ионсыздандырылған сумен
дымқылданған тампонды пайдаланыңыз.
7. Тазаланғанын тексеріңіз. Беттері таза болғанша 3-тен 6-ға дейінгі қадамдарды қайталаңыз.
8. Толық кепкенше күтіңіз.
9. Бетті мұқият сулап, қосалқы құралды спиртпен сүрту үшін түбітсіз шүберекті пайдаланыңыз.
10. 12 минут ылғалды күйде ұстаңыз.
11. Ауада құрғатыңыз.
12. Қосалқы құралды тексеріңіз. Қосалқы құралға сұйықтық кіріп кетсе, ол зақымданса немесе сынса, не
болмаса көзге көрінетінде кірі кетпесе, оны тастаңыз.
18 «Техникалық қызмет жəне ақауларды жою» тарауының «Тазалау, зарасыздандыру жəне зақымдану белгілерін
сырттай тексеру» бөліміне мынадай бөлім тармақтары қосылды:
Əмбебап синхрондау интерфейсін тазалау жəне зарарсыздандыру
ЕСКЕРТУ: құрылғыны сұйықтыққа батырмаңыз жəне суламаңыз, əйтпесе құрылғы зақымдалуы мүмкін.
Əмбебап синхрондау интерфейсін аурухананың магниттік резонансты томография беттеріне күтім жасау
бойынша тазалау жəне зарарсыздандыру саясаттарына сəйкес тазалау керек.
Expression Model MR400 МРТ емделушіні бақылау жүйесі, Пайдалану нұсқауларына қосымша
SpO
қысқыштарына, ЭКГ кабельдеріне жəне ИЕҚҚ манжеттері мен
2
• 70% изопропил спирті
• Түксіз мата
• Жұмсақ қылды щетка немесе мақта
тампондар
163
loading