Philips MR400 Manual De Instrucciones página 166

12 «Инвазивті емес қан қысымын бақылау» тарауының кіріспесіне мынадай мəтін қосылды:
ИЕҚҚ қысқартылған сөзі инвазивті емес қан қысымын білдіреді.
Көп реттік ИЕҚҚ манжеттері мен жалғағыш түтіктер бірнеше емделушіге қолдануға арналған.
АБАЙЛАҢЫЗ: B0 артефактілері болмауы үшін қысымды жалғағыш түтік қарау аумағы сыртына 6 см шығып
тұруы керек.
13 «Инвазивті емес қан қысымын бақылау» тарауына мынадай бөлімдер қосылды:
Пайдалану ережесі
ИЕҚҚ манжетін пайдалану жалғанған үйлесімді МРТ емделушіні бақылау жүйесін мақсатына сай пайдалануға
мүмкіндік береді.
МРТ емделушіні бақылау жүйесі МРТ процедураларынан өтетін емделушілер ағзасының негізгі көрсеткіштерін
бақылауға жəне МРТ томографын синхрондау үшін сигналдарды қамтамасыз етуге арналған. МРТ емделушіні
бақылау жүйесі денсаулық сақтау саласындағы мамандардың пайдалануына арналған.
МРТ емделушіні бақылау жүйесі мынадай тіршілік үшін маңызды функциялардың параметрін бақылауды
қамтамасыз етеді: инвазивті емес қан қысымы.
Пайдалану нұсқаулары
ИЕҚҚ манжеттері МРТ процедуралары кезінде систолалық, диастолалық жəне орташа күретамыр қаны
қысымының инвазивті емес қан қысымын бақылау қажет болған кезде пайдалануға арналған.
14 «Техникалық қызмет жəне ақауларды жою» тарауының «Тазалау, зарасыздандыру жəне зақымдану белгілерін
сырттай тексеру» бөліміндегі «Тазалау, зарарсыздандыру жəне қосалқы құралдарды сырттай тексеру»
тармағындағы мəтін былай деп өзгертілді:
Тазалау барысында қосалқы құралдың зақымдалмағанын тексеріңіз. Пайдалану жəне тазалау кезінде қосалқы
құралдар зақымдануы мүмкін. Əр пайдалану алдында қосалқы құралдар мен қаптамада төменде берілген
зақымдану белгілерінің болмауын сырттай көзбен қарап тексеріңіз.
Төмендегідей зақымданулардың пайда болуы құрылғының қызмет ету уақытының аяқталғанын білдіреді:
• Сызаттар, тесіктер, жыртықтар, ойықтар, тілімдер, т.б.
• Коннектордағы сызаттар немесе басқа да зақым белгілері, оның ішінде майысқан немесе зақымдалған істіктер.
• Тазалау нұсқаулары бойынша кетіруге келмейтін кір.
Бір рет пайдаланылатын қосалқы құралдарды əр пайдаланғаннан кейін тастау керек.
15 «Техникалық қызмет жəне ақауларды жою» тарауының «Тазалау, зарасыздандыру жəне зақымдану белгілерін
сырттай тексеру» бөліміндегі «Тазалау, зарарсыздандыру жəне қосалқы құралдарды сырттай тексеру»
тармағында сақтандыру жазбалары былай деп өзгертілді:
АБАЙЛАҢЫЗ: сызаттар, жыртылған жерлер, кесіктер мен ойықтар стандартты тазалау процедурасына кедергі
келтіреді, сондықтан емделушілер мен қызметкерлерге қауіп төндіруі мүмкін. Əр пайдалану алдында қосалқы
құралдар мен қаптаманың зақымдалмағанын мұқият тексеріңіз. Қосалқы құралда қандай да бір зақымдану
белгісін көрсеңіз, пайдалануды тез арада тоқтатыңыз
162
Expression Model MR400 МРТ емделушіні бақылау жүйесі, Пайдалану нұсқауларына қосымша
loading