• Температурының күрт өзгеруіне жол бермеңіз: Табаның пішіні бұзылмау
үшін қызып тұрған табаға ешқашан суық су құймаңыз. Сонымен қатар іші
бос табаны ұзақ уақыт қыздырып қоюға болмайды, себебі бұл оның ас
күйіп жабыспайтын ішкі бетінің бүлінуінің немесе түссізденуінің себебіне
айналуы мүмкін. Егер табаны алдымен қыздырып алу қажет болса, оны
орташа отқа бірер минутқа қойып қойыңыз.
• Табаны әрбір пайдаланып болған сайын ыдыс жууға арналған
қажамайтын сұйықтықтың ерітіндісі құйылған ыстық сумен қолмен
жуып отырыңыз. DISH DROPS™ Ыдыс жууға арналған қойылтылған
сұйықтықты қолдануды ұсынамыз.
Артынан сүлгімен құрғата сүртіп алыңыз.
Табаға әзірленген асты табаның ішінде ұзақ уақытқа қалдырып қоймаңыз,
себебі бұл ас күйіп жабыспайтын қабатының қасиеттерінің төмендеуіне
және оның жұқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Табаның тұтқалары
түссізденіп қалмау үшін оны ыдыс жуғыш машинаға салып жумаңыз.
• Кермек су іздері (ақ қабықша) табаны жуған сайын сүртіп отырсаңыз
пайда болмайды. Егер мұндай іздер табаны құрғатқаннан кейін пайда
болса, оларды табаның ішкі бетін лимон шырынымен немесе сіркесумен
сүртіп оңай кетіруге болады.
• Табаны жуу үшін қажағыш жуғыш құралдарды немесе қырғыштарды
пайдаланбаңыз: Олар ас күйіп жабыспайтын ішкі жабынын зақымдап
және табаның сыртқы түрін бұзуы мүмкін. Табаның түбіндегі ұсынылған
температурадан асатын температура жағдайында ас әзірлеуден туындаған
жабысып күю дақтарын кетіру үшін қажамайтын жуғыш құралдарды
пайдаланыңыз.
• Бұл ыдысты тағамдарды сақтау үшін пайдаланбаңыз: Оған ащы
немесе қышқыл өнімдердің ұзақ уақыт әсер етуі оның тоттануына әкеп
соқтыруы мүмкін.
• Табаларды олардың күйіп жабыспайтын жабыны бүлінбеу үшін олардың
араларына қорғағыш төсеме қоймай бірінің ішіне бірін қойып сақтамаңыз.
Табаны қараусыз қыздырып қоймаңыз және балаларды ыстық табадан
алыс ұстаңыз.
КЕПІЛДІК (KZ)
Осы кепілдіктің күші Қазақстан Республикасының аумағына тарайды
1. Кепілдік
«Эмвэй Қазақстан» ЖШС компаниясы iCook™ ас жабысып күймейтін
жабыны бар болаттан жасалған ыдыс (бұдан әрі – «Ыдыс») оны дұрыс
пайдаланған жағдайда (жоғарыда көрсетілгендей) ақауланбайтынына
кепілдік береді. Бұйым, егер оның ақауы бұйымның сапасыз материалымен
немесе бұйымның дұрыс жасалмауымен байланысты болса немесе егер
мұндай ақау Ыдысты Сатып алушының (бұдан әрі – «Сатып алушы»)
пайдалануына кедергі болып немесе пайдалану нәтижесін нашарлатып
отырған болса, ақаулы деп саналады.
2. Айрықшалар
Бұл Кепілдіктің күші төмендегі жағдайларға тарамайды:
(а) Арналу мақсатына сай емес түрде немесе Ыдысты пайдалану
жөніндегі нұсқаулыққа кереғар түрде пайдаланылған Ыдысқа.
(б) Кездейсоқ жағдайларға орай, атап айтқанда физикалық бүліну
салдарынан, сондай-ақ Ыдысты дұрыс пайдаланбаудың, оның пішімінің
бұзылуының, оны күтіп пайдаланбаудың салдарынан немесе тым
жоғары температурада ас әзірлеудің нәтижесінде бүлінген ыдысқа.
(в) Сатып алушы және/немесе үшінші тұлғалар жөндеу жүргізген Ыдысқа
немесе мұндай жөндеу Ыдыстың ақаулану себебіне айналған болса.
3. Сатып алушының құқықтары
Егер Ыдыстың оны дұрыс күтіп ұстамаудың салдарынан немесе кездейсоқ
жағдайларға орай, атап айтқанда физикалық бүліну салдарынан, сондай-
ақ оны саналы түрде дұрыс пайдаланбаудың, оның пішімін бұзудың,
күтіп ұстамаудың салдарынан немесе тым жоғары температурада
ас әзірлеудің нәтижесінде ақауланбағаны анықталған болса, Amway
компаниясы анықталған кемшілікті өз есебінен жоюға немесе кемшілігі
бар ыдысты басқасына айырбастап беруге немесе ақшасын толығымен
қайтарып беруге міндетті.
4. Кепілдік күшінің шектелуі
Осы Кепілдіктің күші Ыдыстың ақауы болуы салдарынан зиян келтірілген
жағдайларды санамағанда, Ыдыстың бағасымен шектеледі. Осы Кепілдіктің
күші Сатып алушы өзіне өз бетімен жөндеу жүргізген Ыдысқа тарамайды.
Егер ҚР заңнамасымен басқасы көзделмесе, Сатып алушының Ыдысқа
қатысты шағымдану құқығы осы кепілдікпен белгіленеді.
Егер ҚР заңнамасымен басқасы көзделмесе, ОСЫ КЕПІЛДІК ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫМЕН ТІКЕЛЕЙ ЕСКЕРІЛГЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ
САНАМАҒАНДА, ӨЗГЕ БАРЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРДІ АЛМАСТЫРАДЫ.
Amway компаниясы ҚР заңнамасымен рұқсат етілген мөлшерде өзінің
жауапкершілігін Сатып алушыға Ыдыстың ақауы болуының салдарынан
келтірілуі мүмкін нақты залалмен шектейді.
Осы Кепілдік Сатып алушының ҚР заңнамасымен анықталған құқығына
шек келтірмейді.
34
Егер ҚР заңнамасымен басқасы көзделмесе, осы Кепілдікке ешкімнің
өзгертулер немесе толықтырулар енгізуге, осы Кепілдіктің кез келген
шарттарының немесе шектеулерінің күшін жоюға немесе Ыдысқа қатысты
бұдан басқа кез келген немесе қосымша кепілдіктер ұсынып отыруға
құқы жоқ.
Осы Шектеулер ҚР аумағында күшіне ие болады.
*Толығырақ ақпарат алу үшін өзіңіздің Амвэй Тәуелсіз Кәсіпкеріңізге
немесе келесі мекенжайға хабарласыңыз:
«ЭМВЭЙ ҚАЗАҚСТАН» ЖШС; АБЫЛАЙ ХАН ДАҢҒЫЛЫ, 53-ҮЙ, 501-КЕҢСЕ,
A05A2K5 АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН. / ТОО «ЭМВЭЙ КАЗАХСТАН»; ПРОСПЕКТ
АБЫЛАЙ ХАНА, 53, ОФ. 501, А05А2К5 АЛМАТЫ, КАЗАХСТАН. ТЕЛ
+7(727) 321-03-00
iCook™ 安麗不沾鍋
使用及保養說明
適用所有烹調方式的精密鍋具
您所購買的安麗不沾鍋,對於您和家人喜歡的各種烹調方式,都能
提供經久耐用的體驗。
我們的不沾鍋在設計上適用所有常見的爐面,包含瓦斯爐、電爐、玻
璃/陶瓷爐、爐架、和電磁爐。安麗不沾鍋在設計上可以免油烹煮,
很適合健康低脂料理。這款多用途平底鍋非常適合烹調西式蛋餅、
煎蛋、魚排、禽肉、炒蔬菜或肉類、和起司類料理。
您的使用和保養方式,將影響安麗不沾鍋的性能。請詳讀並遵照
以下使用說明,如此您才能真正享受安麗不沾鍋的好處,且不致
於照成保固無效的損壞。
警告:勿將本產品使用於高溫。高溫(>232°C)使用將造成本產品的
不沾塗層永久性壞損,並導致保固無效。本產品僅可用於低至中溫
烹調。
使用和保養說明
• 初次使用前:利用DISH DROPS™濃縮洗碟精溶液清洗本不沾鍋,
再用醋去除任何殘留的製造油劑和拋光劑。清洗過後,將不沾鍋
沖洗乾淨並擦乾。不可使用有磨砂成分的清洗劑或清潔用品。
• 不可使用噴霧油:使用噴霧油將在鍋內留下一層很難清洗的膠狀
殘留。隨著時間,膠狀殘留將轉為棕色和變色,不但破壞不沾
鍋的外觀,也會改變食物的口感。
• 使用適當大小的爐子:不沾鍋的直徑應搭配使用適當尺寸的爐
面。如果是用瓦斯爐烹煮,火焰不應延燒至不沾鍋的側面。若
爐子的直徑比不沾鍋還大,直接熱度可能燒壞鍋把。
• 僅可用於低或中溫烹煮:高溫烹煮可能造成食物燒焦、鍋底變色、
和鍋內不沾塗層及鍋外塗層破壞。爐火溫度不可超過204°C。
• 小心使用烹飪用具:使用尼龍、塑膠、橡膠、塗層或木質用具,
以保持不沾鍋內部的外觀和性能。絕對不可使用刀子或金屬
用具在鍋內切割或切片食物。
- 油 炸食物時,建議倒入鍋內的烹飪用油不要超過鍋身容量的三
分之一,以免在倒入食物時,炸油濺出。勿在滾燙的油中加水
或倒入潮濕的食物。
- 若 在烹煮期間需要加蓋,請將鍋蓋平穩地蓋在不沾鍋上。為避
免鍋蓋與鍋身磨擦(可能損壞塗層),請不要轉動鍋蓋。