• Бағдарламаларды жүктеп алғанда, рұқсаттар экранын
мұқият оқыңыз. Көптеген функцияларды немесе жеке
ақпаратыңыздың көп бөлігін пайдалану мүмкіндігін
беретін бағдарламалармен аса мұқият болыңыз.
• Мақұлданбаған немесе тыйым салынған
қолдану түрлері туралы хабарламаларды есептік
жазбаңыздан оқыңыз. Жеке ақпаратыңыздың дұрыс
қолданылмағанын байқасаңыз, қызмет жеткізушісіне
хабарласып, есептік жазба ақпаратын жойыңыз немесе
өзгертіңіз.
• Құрылғы жоғалса немесе ұрланса, жеке ақпаратыңызды
қорғау үшін есептік жазбалардың құпия сөздерін
ауыстырыңыз.
• Танымайтын көздердің бағдарламаларын
пайдаланбаңыз, құрылғыны өрнекпен, құпия сөзбен
немесе PIN кодымен құлыптаңыз.
Авторлық құқықпен қорғалған материалды
таратпаңыз
Авторлық құқықпен қорғалған материалдарды мазмұн
иесінің рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны сақтамаудан
авторлық құқық туралы заңдар бұзылуы мүмкін.
Өндіруші авторлық құқықпен қорғалған материалды
пайдаланушының заңсыз пайдалануынан туындаған
құқықтық мәселелерге жауапты емес.
Қазақ тілі
478