Құрылғыны, батареяны және зарядтағышты
зақымдаудан қорғаңыз
• Құрылғы мен батареяны өте суық немесе ыстық
температураларға шығармаңыз.
• Шамадан тыс температура құрылғыны зақымдап,
зарядтау мүмкіндігінің және құрылғы мен батареяның
жұмыс істеу мерзімін азайтуы мүмкін.
• Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны
пайдаланбаңыз.
• Қабықшасы қабаттанған немесе зақымдалған
кабельді, сондай-ақ зақымданған немесе істен шыққан
зарядтағышты немесе батареяны қолданбаңыз.
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа
толқынды пештердің, ысытып пісіретін жабдықтың
немесе жоғары қысымды контейнерлердің жанында
не ішінде сақтамаңыз
• Батарея ағып кетуі мүмкін.
• Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.
Құрылғыңызды шаң немесе ауадағы заттардың
көп жиналатын жерлерде пайдаланбаңыз немесе
сақтамаңыз
Шаң немесе бөгде заттар құрылғыңыздың дұрыс жұмыс
істемеуіне және өртке немесе электр тоғының соғуына
себеп болады.
Көп мақсатты ұя мен зарядтағыштың шағын ұшын
сұйық заттар, шаң, металл ұнтағы және қарындаш
графиті сияқты өткізгіш заттарға тигізбеңіз. Көп
мақсатты ұяны үшкір құралдармен түртпеңіз немесе
көп мақсатты ұяға әсер келтірмеңіз
Өткізгіш материалдар жарылысқа немесе өртке әкеп
соқтыратын қысқаша тұйықталуға немесе шіруге себеп
болуы мүмкін.
Қазақ тілі
465