• Тек өз құрылғыңызға арналған және Samsung
мақұлдаған батарея, зарядтағышты және кабельдерді
ғана пайдаланыңыз. Сәйкес емес батарея, зарядтағыш
және кабель едәуір жарақаттануға немесе құрылғыны
зақымдауға себеп болуы мүмкін.
• Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген
аксессуарларды не керек-жарақтарды пайдаланған
кезде пайдаланушының қауіпсіздігіне жауапты емес.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде
ұстамаңыз
• Тым көп қысым қолданылса, құрылғы зақымдалуы,
жарылуы немесе өртке әкелуі мүмкін.
• Ұрылсаңыз немесе құласаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
Құрылғыны артық түсіріп немесе соғып алмаңыз
• Бұл құрылғыға немесе батареяға зақым келтіріп,
құрылғы ақаулығына немесе қызмет мерзімінің
қысқаруына себеп болады.
• Сонымен қатар, бұл қызып кетуге, жарылысқа, өртке
немесе басқа қауіптерге себеп болуы мүмкін.
Құрылғы мен зарядтағышты абайлап пайдаланыңыз
және тастаңыз
• Батареяны немесе құрылғыны ешқашан отқа
тастамаңыз. Батареяны немесе құрылғыны қысқа
толқынды пеш, кәдімгі пештер немесе радиаторлар
сияқты қыздыру құрылғыларының үстінде не ішінде
ұстамаңыз. Құрылғы шамадан ысығанда жарылып кетуі
мүмкін. Қолданылған батареяны не құрылғыны қоқысқа
тастағанда, барлық жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
• Құрылғыны ешқашан сындырып не тесіп алмаңыз.
• Құрылғыны жоғарғы сыртқы қысымға ұшыратпаңыз, ол
ішкі қысқа тұйықталуға және шамадан тыс қызуға себеп
болуы мүмкін.
Қазақ тілі
464