Philips NA350 Manual Del Usuario página 633

-
Егер тағам қалдықтары табаға немесе себетке жабысып қалса,
оларды ыстық суға немесе ыдыс жууға арналған сұйықтыққа 10-15
минутқа батырып қоюға болады. Батырып қою тағам қалдықтарын
жібітеді және оны алу оңай болады. Май мен кірді кетіретін ыдыс
жууға арналған сұйықтықты пайдаланыңыз. Егер табада немесе
себетте майлы дақтар қалып қойса және оларды ыстық сумен және
ыдыс жуғыш сұйықтықпен кетіре алмасаңыз, майды кетіретін
сұйықтықты пайдаланыңыз.
-
Қажет болса, қыздыру элементіне жабысып қалған тағам
қалдықтарын жұмсақ-орташа талшықты щеткамен алуға болады.
Болаттан жасалған сымды щетканы немесе қатты талшықты щетканы
пайдаланбаңыз, себебі бұл қыздыру элементіндегі қабатқа зақым
келтіруі мүмкін.
4 Сырылып қалмас үшін құралдың сыртын қыржым емес, таза және жұмсақ
шүберекпен ақырын сүртіңіз. Аздап суланған шүберекпен бастап сүртіңіз,
қажет болса, құрғақ шүберекпен жалғастырыңыз.
5 Тамақ қалдықтарын алып тастау үшін, қыздыру элементін щеткамен
тазалаңыз.
6 Құралдың ішін ыстық сумен және қырмайтын ысқышпен тазалаңыз.
Ескертпе
-
Тазалау кезінде кіші және үлкен табаның арасында орналасқан
бөлгішті абайсызда тартып алсаңыз, оны өз орнына дұрыстап қайта
қоюды ұмытпаңыз.
635
Қазақша
loading

Este manual también es adecuado para:

Na351Na352Na351/00Na352/00