Philips NA350 Manual Del Usuario página 616

618
Қазақша
-
Ашаның қабырға розеткасына дұрыс салынғанын әрдайым тексеріңіз.
-
Бұл құрал сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару
құралымен басқарылмайды.
-
Пайдалану барысында құралдың ұстауға келетін жерлері ысып кетуі
мүмкін.
-
Бұл құралды 8 және одан жоғары жастағы балалар мен физикалық, сезу
немесе ойлау қабілеттері шектеулі не болмаса тәжірибесі және білімі аз
адамдар қадағалаумен немесе құралды қауіпсіз пайдалануға қатысты
нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді түсінген жағдайда
пайдалана алады.
-
Балалар құралмен ойнамауы керек. 8 жасқа толмаған балалар ересектің
қадағалауынсыз тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізбеуі тиіс.
-
Құрал мен оның баусымын бірге, 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерге сақтаңыз.
-
Құралды қабырғаға қарсы немесе басқа да құралдарға қарсы қоймаңыз.
Құрылғылардың артында, екі жағынан және құрылғының үстінен кемінде
10 см бос орын қалдырыңыз. Құралдың жоғарғы жағына ешнәрсе
қоймаңыз.
-
Қатты қуыру кезінде ыстық бу ауа шығаруға арналған саңылаулардан
босатылады. Қолыңыз бен бетіңізді будан және ауа шығаруға арналған
саңылаулардан қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. Сонымен қатар, құралдан
табаны алу кезінде ыстық бу мен ауадан сақ болыңыз.
-
Құрылғыда жеңіл ингредиенттерді немесе пісіру қағазын пайдалануға
болмайды.
-
Пайдалану барысында құрылғының ашық беттері қатты ысып кетуі
мүмкін.
-
Картопты сақтау: Температура сақталатын картоп түрлеріне сәйкес
болуы және дайындалған тағамдарда акриламид әсері қаупін азайту
үшін 6°C-тан жоғары болуы тиіс.
-
Майды түпқоймасына құймаңыз.
-
Осы Airfryer құрылғысының екі пісіру камерасы болғандықтан, оның
электр қуаты үлкен. Бір тізбектегі басқа қуатты құрылғыларды (мысалы,
шайнектер, электр грильдері және т.б.) бір уақытта пайдалануға
болмайды. Кері жағдайда, үйдегі қондырғыдағы автоматты ажыратқыш
іске қосылып, осы розеткадағы қуат жоғалып кетуі мүмкін.
-
Бұл құрал 5°C және 40°C аралығындағы қоршаған орта
температурасында пайдалануға арналған.
-
Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
-
Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.
-
Құралды дастарқан немесе перде сияқты тез жанатын материалдардың
үстіне немесе жанына қоймаңыз.
-
Құралды осы нұсқаулықта сипатталғаннан басқа ешқандай мақсаттарда
пайдаланбаңыз, тек Philips түпнұсқалық керек-жарақтарын ғана
пайдаланыңыз.
-
Істеп тұрғанда, құралды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
-
Пісіру камерасының ішіне қойылған таба, себет және керек-жарақтар
құрылғыны пайдалану кезінде және одан кейін қызып кетеді, әрқашан
абайлап ұстаңыз.
loading

Este manual también es adecuado para:

Na351Na352Na351/00Na352/00