Naterial IL O Manual De Instrucciones página 135

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 55
2. ГАЗДЫ ТҰТАТУ ЖҮЙЕСІ
• Тек баллондардағы сұйытылған жанғыш газдармен пайдалануға арналған. Сіз пропан, бутан
және газ қоспаларына арналған сәйкес реттегішті пайдалануыңыз керек.
• Бұл барбекю тұтату жүйесімен жабдықталған. Тұтату үшін бензин, керосин, ағаш көмірін немесе
сұйық отынды пайдаланбаңыз.
• Газ баллондарын тікелей барбекюдің астында орналастыруға болмайды.
• Жер деңгейінен төмен газ баллондарын сақтамаңыз және барбекюді пайдаланбаңыз. Газ ауадан
ауыр: газ кемігенде төменгі нүктеде жинақталатын болады және жалын немесе ұшқынмен
байланысқанда жарылуы мүмкін.
• Газ баллондарын көлденең жатқызып сақтауға немесе пайдалануға болмайды. Кез келген кему
өте күрделі болуы мүмкін, және сұйықтық газ құбырына өтіп кетуі мүмкін.
• Ешқашан бөлме ішінде газ баллондарын сақтамаңыз.
• Пайдаланып болғаннан кейін газ баллонның клапанын жабыңыз.
• Барбекюді пайдаланар алдында оны саңылаусыздыққа тексеріңіз. Бұл орнатқаннан кейін жіктер
мен байланыстарда газ кемуін анықтаудың жалғыз сенімді тәсілі.
• Жыл сайын саңылаусыздыққа тексеріп отырыңыз және газ баллонын және құбыршекті
ауыстырған немесе бөлшектеген сайын тексеріңіз.
Саңылаусыздыққа сынау
Бұл тексеруді әрқашан жақсы желдетілетін бөлмеде өткізіңіз. Жыл сайын саңылаусыздыққа
тексеріп отырыңыз және газ баллонын және құбыршекті ауыстырған немесе бөлшектеген сайын
тексеріңіз.
дым 1 – барлық батырмалар сөнген күйде орналасқандықтарына көз жеткізңіз.
дым 2 - баллонда немесе реттегіште газ беретін реттегіш клапанынды ашыңыз.
дым 3 - су (50%) және сабыннан (50%) тұратын ерітіндімен газ жүйесіндегі барлық байланыстарды,
сонымен бірге газ баллоны клапандарының байланыстарын, құбыршекті және қысым
реттегішін сулап, кемуге тексеріңіз. Саңылаусыздыққа тексеру үшін ешқашан ашық жалынды
пайдаланбаңыз.
дым 4 - Белгілі байланыстардың үстінде көпіршіктердің түзілуі кемуге нұсқайды
Газ беруді сөндіріп тастаңыз. Барлық байланыстарды тартып бұраңыз. Қайта тексеріп көріңіз,
егер қайтадан көпіршіктер түзілсе, барбекюді пайдаланбаңыз және жергілікті дилерге көмекке
жүгініңіз. Саңылаусыздыққа тексеріп болғаннан кейін барлық жіктер мен байланыстардан сулы -
сабынды ерітіндіні мұқият сүртіп тастаңыз.
Сақтық шаралары
• Барбекю тұрқысының желдеткіш саңылауларын жаппаңыз.
• Егер сізге баллон ауыстыру керек болса, баллон тығыз жабылғандығына және жақын жерде
тұтану көздері (темекі, ашық от және т.с.с.) жоқтығына жалғастырар алдында көз жеткізіп алыңыз.
Барбекюге газ құбыршегін жалғау
• Барбекюдің сол жағынан газ келтеқұбырына газ құбыршегін қосыңыз. Мықты қатты бұрамаңыз.
Фитингке желімді таспа немесе сұйықтық жақпаңыз.
• Оларды қолмен бұраңыз.
Реттегіш бекіткіші
• Барбекюді басқарудың барлық элементтері сөндірілген күйде орналасқандығына көз жеткізіңіз.
Реттегіш пен баллондарды сатқан сатушы ұсынған нұсқаулықтарға сәйкес газ баллонына
реттегішті жалғаңыз
135
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
HE
AR
EN
loading