Naterial IL O Manual De Instrucciones página 137

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 55
Ескертулер
• Әрі қарай жалғастырмас бұрын осы басшылықтың «Маңызды ақпарат» бөлімімен
танысқандығыңызға көз жеткізіңіз.
• Бұл барбекюдің құрылымы ас пісіру бетінің 50% асатын ауданын жаппай тақтайша түрінде
пайдалануға мүмкіндік бермейді. Егер тақтайшалар толық жабылған болса, бұл шамадан
тыс қызуға алып келеді, ол барбекюдің зақымдалуына алып келуі мүмкін, оған кепілдік
қатыстырылмайды.
Барбекюді тұтандыру
• Тұтатар алдында барбекюдің қақпағын ашыңыз. Барбекюді ешқашан жабық қақпақпен тұтатпаңыз.
• Газ берудің барлық батырмалары сөндірілгендігіне көз жеткізіңіз. Газ баллонында және реттегіште
газды реттейтін клапанды ашыңыз.
• Жаққыңыз келген жанарғының тұтқышын басыңыз және оны сағат тіліне қарсы, айналуға кедергіні
сезгенше бұраңыз. 4 секунд күте тұрыңыз, содан соң шертпені естігенге дейін тұтқышты бұрауды
жалғастырыңыз (жанарғы жану керек). Осы процесті жанарғы жанғанша бірнеше рет қайталаңыз.
• Қажет болу шамасына қарай кез келген тәртіпте қалған жанарғыларды жағыңыз. Келесіні жағар
алдында әр жанарғы жағылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер жоғарыда сипатталған процедураны орындағаннан кейін жанарғы жанбаса, барлық
тұтқыштарды «сөндірулі» күйіне бұраңыз». Газ баллонындағы газ клапанын жабыңыз. Бес
минут күтіңіз. Жоғарыда сипатталған барлық әрекеттерді қайталаңыз. Егер барбекю бұрынғыша
жағылмаса, мархабат, төменде келтірілген қолмен тұтату бойынша нұсқауларға жүгініңіз.
• Жанарғыларды тұтатқаннан кейін барбекюді қыздыру үшін олар 3-5 минут максималды қуатта
жану керек. Бұл процесті әр ас дайындау сеансының алдында орындаған жөн. лдын ала қыздыру
кезінде қақпағы ашық қалу керек.
• лдын ала қыздыруды аяқтағаннан кейін барлық жанарғыларды ас дайындаудың анағұрлым
жақсы нәтижелеріне жету үшін әлсіз отқа аударыңыз.
Қолмен тұтату бойынша нұсқаулар
• Тұтатар алдында барбекюдің қақпағын ашыңыз. Барбекюді ешқашан жабық қақпақпен
тұтатпаңыз.
• Газ берудің барлық батырмалары сөндірілгендігіне көз жеткізіңіз. Газ баллонында және
реттегіште газды реттейтін клапанды ашыңыз.
• Жағылған сіріңкені басқару панелінің төменгі жағындағы тұтатуға арналған шеткі саңылауға
салыңыз және оны жанарғыға арналған оң жақ саңылаудың қасына орналастырыңыз.
• Оң жақ тұтқышты басыңыз және максималды күйге сағат тіліне қарама – қарсы бұраңыз.
• Оң жақтағы жанарғы жанғаннан кейін, оңнан солға қарай қалған жанарғыларды қосыңыз.
• Келесі жанарғыны қосар алдында әр жанарғы жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер шеткі оң жақ жанарғы жанбаса, жергілікті дилерге жүгініңіз.
• Жанарғыларды жаққаннан кейін олар максималды қуатта жану керек
• барбекюді алдын ала қыздыру үшін 3-5 минут. Бұл процесті әр ас дайындау сеансының алдында
орындаған жөн. лдын ала қыздыру кезінде қақпағы ашық қалу керек.
• лдын ала қыздыруды аяқтағаннан кейін барлық жанарғыларды ас дайындаудың анағұрлым
жақсы нәтижелеріне жету үшін оң әлсіз отқа аударыңыз.
Торда ас дайындау
• Тот баспайтын болаттан жасалған жанарғылар тор астындағы жылу шашыратқышты қыздырады
(немесе брикеттері бар кірзеңке/лава тасымен) , олар өз алдына торға салынған азық - түлікті
қыздырады. Дайындау кезінде туындайтын азық - түліктердің табиғи сөлдері қыздырылған жылу
шашыратқашқа (немесе брикеттерге/лава тасына) ағады және буланып кетеді. Түзілген түтін
жоғары көтеріліп, барбекюдің ерекше хош иісін беріп тамақты бүркеп алады. Әрі қарай астың біркелкі
дайындалуы үшін жанарғылар әлсіз отта тұрғанына көз жеткізіп, барбекюдің қақпағын түсіріңіз.
137
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
HE
AR
EN
loading