All manuals and user guides at all-guides.com
1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Бұл құжаттама туралы
•
Іске қосу алдында осы құжаттаманы оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін
алғышарт болып табылады.
•
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
•
Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым өнімде сақтаңыз және оны басқа тұлғаларға тек осы
нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
1.2 Шартты белгілердің анықтамасы
1.2.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
белгімен бірге қолданылады:
ҚАУІП! Ауыр жарақаттарға әкелуі немес өмірге қауіп төндіруі мүмкін тікелей қауіпті
жағдайдың жалпы белгіленуі.
ЕСКЕРТУ! Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті
жағдайдың жалпы белгіленуі.
САҚ БОЛЫҢЫЗ! Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін
ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі
1.2.2 Құжаттамадағы белгілер
Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады:
Пайдалану алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
1.2.3 Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:
Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді
Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс
қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
1.3 Өнімдегі белгілер
1.3.1 Өнімге қатысты белгілер
Төмендегі нұсқама белгілері өнімде қолданылады:
Кранмен тасымалдауға тыйым салынады
Материалды қайта өңдеуге жіберу керек
Айнымалы ток
Ақаулықтарды жою
Жүктемесіз номиналды айналу жиілігі
Диаметр
Бұрғылау күшінің индикаторы
458
Қазақ
Printed: 02.11.2017 | Doc-Nr: PUB / 5145256 / 000 / 04