All manuals and user guides at all-guides.com
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке
апарып соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
•
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
•
Зақымдалған және/немесе ақаулы электрлік аспапты қолданбаңыз. Бірден Hilti қызмет көрсету
орталығына жөндетіңіз.
•
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
6.1 Бағыттаушы мен жылжыма бөлшектің арасындағы саңылауды күйге келтіру
Нұсқау
Бағыттауыш пен жылжыма бөлшектер арасындағы саңылау жылжыма бөлшектерде орналасқан
4 реттегіш бұранда көмегімен реттеледі. 4 реттелмелі ролик келесідей реттеледі.
1. Реттегіш бұрандаларды SW5 ішкі алты қырлы кілтімен босатыңыз (алып тастамаңыз).
2. SW19 гайка кілтінің көмегімен төрт реттегіш бұранданы бұраңыз да, роликтерді бағыттауышқа сәл
басыңыз.
3. Реттегіш бұрандаларды берік бекемдеңіз. Егер күймеше орнатылған алмасты колонкалы бұрғысыз
өз жұмыс күйінде қалса, ал алмасты колонкалы бұрғымен төмен қарай орын алмастырса, ол дұрыс
ретке келтірілген.
7 Тасымалдау және сақтау
•
Электр аспапты енгізілген құралымен бірге тасымалдамаңыз.
•
Электр аспапты әрқашан ажыратылған ашасымен бірге сақтаңыз.
•
Аспапты құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
•
Электр аспапты ұзақ уақыт тасымалдаған не сақтаған соң, оны пайдалану алдында зақымдардың
бар-жоғын тексеріңіз.
7.1 Сақтау және аязды күндердегі жұмыс үзілістері
Нұсқау
4°C (39°F) деңгейінен төмен температураларда су айналымындағы су бір сағаттан артық жұмыс
үзілістері үшін немесе сақтау үшін қысымдалған ауамен босатылуы керек.
1. Су берілісін ажыратыңыз.
2. Су берілісін алмасты бағаналы бұрғы білдектен ажыратыңыз.
3. Су шығынын реттеуішті ашыңыз.
4. 3 жүрісті клапанды ылғалды бұрғылау күйіне орнатыңыз.
5. Суды су айналымынан қысымдалған ауамен (макс. 3 бар) шығарыңыз.
8 Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
474
Қазақ
Printed: 02.11.2017 | Doc-Nr: PUB / 5145256 / 000 / 04