6.3
Сұйықтықтарды сорғылау
АБАЙЛАҢЫЗ
Денсаулыққа зиянды шаңнан жарақат алу қаупі бар! Сүзетін элементті пайдаланбау қауіпті сорғыш
материалдың шығуына апарып соғуы мүмкін.
▶ Сорғышты тек салынған сүзгіш элементпен пайдаланыңыз.
Бұрғылау қоқырын немесе қатты бөлшектерді сорғылаған кезде сүзгіш элемент бітелуі немесе
зақымдалуы мүмкін. Сору кезінде сору қуатының өзгерістеріне назар аударыңыз.
1. Толу деңгейін бақылауды тексеріңіз. → Бет 343
2. Мүмкін болса, әр жуып тазалау үшін жеке сүзгіш элементті қолданыңыз.
6.4
Сұйықтықтарды сорудан кейін
1. 2 ілмекті ашыңыз.
2. Сорғыш бастиегін кір контейнерінен көтеріп алыңыз да, сорғыш бастиегін тегіс бетке қойыңыз.
▶ Сүзгіш элементті кептіріңіз.
3. Кір контейнерін босатып, оны су шлангісімен тазалаңыз.
4. Толу деңгейін бақылауды тексеріңіз. → Бет 343
5. Құрғақ сүзгіш элементті қолмен қағу арқылы тазалаңыз.
6. Сүзгіш элементте зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
▶ Зақымдалған сүзгіш элементті ауыстырыңыз.
6.5
Сорудан соң
1. Аспап ажыратқышын OFF күйіне бұраңыз.
2. Контейнерді босатыңыз және сорғышты ылғалды шүберекпен тазалаңыз.
3. Сорғышты бөгде тұлғалар қолдану мүмкіндігін болдырмай, құрғақ бөлмеге қойыңыз.
▶ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ Аталмыш сорғышты жабық үй-жайларда ғана сақтауға болады.
7
Күту және техникалық қызмет көрсету
7.1
Сорғышқа күтім көрсету бойынша нұсқаулар
ЕСКЕРТУ
Ток соғудан қауіп бар! Электрлік бөлшектерді қате жолмен жөндеу ток соғудан ауыр жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
▶ Электрлік бөлшектерді жөндеу жұмысын тек электрші маман орындауы тиіс.
•
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
•
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
•
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
•
Сорғышты, әсіресе тұтқыштың беттерін таза және құрғақ күйде, май мен жағармайдың іздерінсіз
сақтаңыз. Құрамында силикон бар тазалау заттарын қолданбаңыз.
•
Сорғышты бітелген желдету саңылауларымен қолдануға болмайды! Желдету саңылауын жайлап
құрғақ щеткамен тазалаңыз. Турбина саңылауының Ішкі бөлігіне бөгде заттардың кіруін болдырма-
ңыз.
•
Контейнердің жоғарғы жиегін және оның ойығын тазалау қажеттігіне ерекше назар аударыңыз,
себебі бұл кір контейнері мен сорғыш бастиегі арасындағы тығыздауыш үшін маңызды болып
табылады.
*2416651*
2416651
Қазақ
341