Тиісті ретте пайдалану
Бұл көмекші құрал MUM9 («OptiMUM» сериясындағы)
асүйлік комбайнына арналған. Асүй комбайнының қолдану
туралы нұсқаулығын ескеріңіз.
Осы көмекші құралда ешқашан басқа құрылғылар үшін
пайдаланбаңыз. Тек жинақтағы бөлшектерді пайдаланыңыз.
Бұл керекжарақ құрылымға байланысты ретте төмендегі
мақсаттарға арналған:
Әмбебап пышақ: Кесу, пюре істеу, араластыру, илеу, майдалау
және тұздықтар мен аралас сусындарды жасау үшін.
Майдалағыш дискілер: Азықтүліктерді турау, үгу және кесу
үшін.
Цитрустар сыққышы: Цитрус жемістерді сығу үшін.
Өңделетін азықтүліктерде қатты бөлшектер болмауы тиіс
(мысалы, сүйек). Бұл керекжарақтарды басқа нәрселерді
немесе заттарды өңдеу үшін қолдануға болмайды.
Қауіпсіздік нұсқалары
W Жарақат алу қаупі
■ Толтыру шахтасына тимеңіз. Тек жинақтағы басқышты
пайдаланыңыз!
■ Әмбебап пышақ жүзіне жалаң қолмен тимеңіз. Әмбебап
пышақты орнату және шешу үшін оны тек пластмассасынан
ұстаңыз. Пайдаланбасаңыз әмбебап пышақты әрдайым
пышақ қорғағышымен сақтаңыз. Ол үшін тазалау қылшығын
қолданыңыз.
■ Майдалағыш дискінің өткір пышақтары мен жиектерін
ешқышын ұстамаңыз. Дискілерді тек пластмасса бөлігінің
ортасынан ұстаңыз.
■ Керекжарақтарды тек толық жиналған күйде пайдаланыңыз.
Керекжарақтарды ешқашан негізгі құрылғыда жинамаңыз.
Керекжарақтарды тек өзіне тиісті жұмыс күйінде
пайдаланыңыз. Керекжарақтарды тек алғы сары жетекте
пайдаланыңыз. Керекжарақтарды тек қана бұйым жетегі
тоқтап тұрғанында және кабелі электр розеткасынан
шығарылғанында енгізіңіз немесе шығарыңыз.
W Назар аударыңыз!
■ Әрдайым максималдық толтыру биіктігін ескеріңіз.
■ Толтыру шахтасында немесе сауытта ешбір бөгде дене
жоқтығын ескеріңіз. Заттармен (мысалы, пышақ, қасық)
толтыру шахтасында немесе сауытта істемеңіз.
Тиісті ретте пайдалану
kk
101