кетсе, электроника электр құралын тиісті температура
аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.
Жұмыс іркілістері (F суретін қараңыз)
Жұмыс іркілісінде майда бүріккіш жүйені тегіс жұмыс
бетіне қоюға болады. Ешқандай бүріккіш материал ағып
кетпейді.
Бүрку материалымен толтырылған майда бүріккіш
u
жүйені әрдайым тігінен тегіс бетке қойыңыз.
Жатқан майда бүріккіш жүйеден бүрку материалы
шығуы мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Әр пайдаланғаннан кейін майда бүрку жүйесінің
u
бөлек компоненттерін, әсіресе барлық бояу
өткізетін құрамдас бөліктерді бірден тазалаңыз.
Тиісінше тазалау бүріккіш пистолеттің ақаусыз және
сенімді жұмысының алғышарты болып табылады.
Тазалау мүлдем немесе тиісінше орындалмаған
жағдайда, кепілдік бойынша шағым білдіру құқығы өз
күшінен айырылады.
– Қажет болса, тығыздауыш сақинаны (7) майлаңыз.
Майдың шағын пакеті жеткізілім жиынтығына кіреді.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
Bosch Power Tools
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Қосалқы контейнер (керек-жарақ) (G суретін
қараңыз)
Қақпағы бар қосалқы контейнерде (9) бүрку материалын
кейінгі қолданыс үшін саңылаусыз сақтауға болады.
Су негізіндегі бояуларды пайдаланғаннан кейін
тазалау (I суретін қараңыз)
Бүріккіш пистолетті және бүрку материалының
контейнерін әрдайым жылы сумен тазалаңыз.
Бүріккіш пистолеттің саптама және ауа саңылауларын еш
жағдайда үшкір заттармен тазаламаңыз.
– Құлыптан босату түймелерін (19) басып, бүріккіш
пистолетті (1) негізгі блоктан (15) ажыратыңыз.
– Контейнерді (2) бүріккіш пистолеттен (1) босатыңыз.
Контейнерді (2) көтергіш құбырдың (8) астында ұстап
тұрып, бүрку материалы контейнер ішіне ағуы үшін,
бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (5) басыңыз.
– Контейнерді (2) толықтай босатыңыз.
Бүрку материалын кейінірек пайдалану үшін тығыз
жабылған бояу контейнерінде сақтауға болады. Ол
үшін, мысалы, қақпағы бар қосалқы контейнерді (9)
немесе түпнұсқа бүрку материалының контейнерін
қолданыңыз.
– Контейнерді (2) тазалаңыз.
– Көтергіш құбырды (8) контейнер
тығыздауышымен (12) бірге бөлшектеп, жақсылап
шайыңыз.
Көтергіш құбырды (8) контейнер
тығыздауышымен (12) бірге бүріккіш пистолетке
қайтадан бекітіңіз.
– Контейнерді (2) жылы сумен толтырып, бүріккіш
пистолетке (1) қайтадан бекітіңіз.
– Негізгі блокты (15) бүріккіш пистолетке (1) берік
жалғаңыз.
Құлыптан босату түймелері (19) шерту дыбысымен
тірелуі керек.
– Таза су ғана шыққанша бүркіңіз. Қажет болса,
контейнерді жылы сумен қайтадан толтырыңыз.
– Қажет болса, негізгі блокты ылғалды шүберекпен
тазалап, содан кейін негізгі блокты (15) тікелей
тазалау аймағынан алып тастаңыз.
Қазақ | 203
1 609 92A 9JV | (26.03.2024)