316 | Қазақ
Үстелдік дискілі ара
Саңылау диаметрі
A) 20−25°C температурасында ProCORE18V 12.0Ah аккумуляторымен өлшенеді.
B) пайдаланған аккумуляторға байланысты
C) <0 °C температураларында қуаты шектелген
Макс. дайындама өлшемдері: (қараңыз „Макс. дайындама өлшемдері", Бет 321)
Шуыл бойынша ақпарат
EN 62841-3-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының
көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 81 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 94 дБ(А). K
дәлсіздігі = 3 дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні
нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару
мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару
мәнін арттырады.
Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген
және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Монтаждау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жеткізілім жиынтығы
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Ара дискісі (26) және сына (4) орнатылған үстелдік
дискілі ара
– Бұрыштық тірек (2)
– Параллель тірек (5)
– Қосымша параллель тірек (43)
– "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы (44) (2
бекіткіш бұранда, 2 салмалы шайба, 2 қатпарлы гайка)
– Қорғаныш қаптама (3)
– Алты қырлы дөңбек кілт (10)
– Оймакілтекті бұрауыш ұштығы бар шеңберлік кілт (9)
– Жылжыту таяғы (12)
– Үстел ендірмесі (25)
1 609 92A 7NP | (27.04.2022)
GTS 18V-216
мм
30
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш
аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің
ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру
керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін
және қысылмағанын немесе бөліктердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Жеткізілім жиынтығынан тыс қажетті
құралдар:
– Крест ойықты бұрауыш
– Бұрыштық калибр
Құрамдас бөліктерді монтаждау
– Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
– Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
– Бұғаттау бұрандаларын (34) шеңберлік кілттің (9)
ұштығымен "Құлыпты жабу" айналу бағытымен
тірелгенше бұрап, едендік торды (33) ашыңыз (a
суретін қараңыз).
Мотор блогының астындағы орауыш материалын алып
тастаңыз.
Тікелей корпустың астына мына құрылғы элементтері
бекітіледі: жылжыту таяғы (12), шеңберлік кілт (9), алты
қырлы дөңбек кілт (10), параллель тірек (5), бұрыштық
тірек (2), сору адаптері (31), қосымша параллель тірек
(43) бекіткіш жинағымен (44), қорғаныш қаптама (3).
– Осы құрылғы элементтерінің бірін қажет етсеңіз,
оларды сақтау қорабынан абайлап шығарып алыңыз.
Сынаны орналастыру (b1–b2 суреттерін қараңыз)
Нұсқау: қажет болса, монтаждалатын барлық бөліктерді
орналастырмас бұрын тазалап шығыңыз.
– Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара
дискісі (26) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (36) жоғары қарап тұрғанша сағат
тілінің бағытымен бұрап босатыңыз.
– Сынаны (4) қыспа иінтірек (36) бағытымен жоғары
қарай тартылғанша жылжытыңыз.
– Сынаны ара дискісінің тура ортасынан жоғары
орналасатындай етіп толығымен жоғары қарай
тартыңыз.
GTS 18V-216
25,4
Bosch Power Tools