Bosch GTS 10 XC Professional Manual Original página 320

Ocultar thumbs Ver también para GTS 10 XC Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 62
320 | Қазақ
– Қысқыш гайканы (59) шеңберлік кілтпен (15) бұрап,
бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (60)
тірелгенше тартыңыз.
– Шпиндельді бекіту иінтірегін тартып тұрып, қысқыш
гайканы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
шығарыңыз.
– Қысқыш фланецті (61) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (33) алып тастаңыз.
Ара дискісін орнату
Қажет болса, барлық монтаждалатын бөліктерді орнатпас
бұрын тазалаңыз.
– Жаңа ара дискісін аспап шпинделінің (63) қысқыш
фланеціне (62) орнатыңыз.
Нұсқау: тым кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара
дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі
3 − 8 мм құрауы қажет.
Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара
u
дискісіндегі көрсеткі бағыты) сынаның көрсеткі
бағытына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланецті (61) және қысқыш гайканы (59)
орнатыңыз.
– Қысқыш гайканы (59) шеңберлік кілтпен (15) бұрап,
бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (60)
тірелгенше тартыңыз.
– Қысқыш гайканы сағат тілінің бағытымен мықтап
тартыңыз.
– Үстел ендірмесін (32) қайтадан орнатыңыз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) қайтадан монтаждаңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ара дискісінің тасымалдау және жұмыс күйі
Тасымалдау күйі
– Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастап, үстел
ендірмесін (32) алып тастаңыз және сынаны (7) ең
төменгі күйге орналастырыңыз. Үстел ендірмесін (32)
қайтадан орнатыңыз.
– Қос иінді (20) сағат тілінің бағытына қарсы ара
дискісінің (33) тістері аралау үстелінің (17) астында
тұрғанша бұраңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (11) толығымен ішке
қарай жылжытыңыз.
Қысқыш тұтқаны (18) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Жұмыс күйі
– Сынаны (7) ара дискісі ортасының тура үстінен ең
жоғарғы күйде орналастырыңыз, үстел ендірмесін
(32) орнатыңыз және қорғаныш қаптаманы (6)
монтаждаңыз.
– Қос иінді (20) ара дискісінің (33) жоғарғы тістері
дайындамадан шамамен 3 − 6 мм-ге жоғары болғанша
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
1 609 92A 7WN | (14.06.2022)
Аралау үстелін үлкейту
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Аралау үстелінің кеңейтімі (A суретін қараңыз)
Аралау үстелінің кеңейтімі (11) аралау үстелін (17) оңға
қарай кеңейтеді.
– Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
тұтқаны (18) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (11) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа қарай тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (18) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Аралау үстелінің ұзартқышы (B суретін қараңыз)
Аралау үстелінің ұзартқышы (10) аралау үстелін (17)
артқа қарай ұзартады.
– Сол жақ бағыттауыш қарнақтағы бұғаттау бұрандасын
(38) босатыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (10) қажетті ұзындыққа
шейін сыртқа тартыңыз.
– Орнын бекіту үшін бұғаттау бұрандасын (38) тартып
қойыңыз.
Ауыр дайындамалар үшін аралау үстелінің ұзартқышын
қажетінше тіреу қажет.
Жылжыма бөлшек (C суретін қараңыз)
Жылжыма бөлшек (2) ені ең көбі 350 мм құрайтын
дайындамаларды аралауға мүмкіндік береді.
Оған қоса аралау кезінде бұрыштық тірекпен (3) бірге ең
бастысы жоғары дәлдікке қол жеткізіледі (қараңыз
„Көлденең еңіс бұрыштарын жылжыма бөлшек көмегімен
аралау", Бет 323).
– Жылжыма бөлшекке арналған қысқыш тұтқаны (29)
толығымен жоғары қарай тартыңыз.
Осылайша жылжыма бөлшекті алға және артқа
тірелгенше жылжытуға болады.
Тік және көлденең еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Тік еңіс бұрышын реттеу (ара дискісі) (D суретін
қараңыз)
Тік еңіс бұрышын -1° және 47° аралығындағы диапазонда
реттеуге болады.
– Бекіткіш иінтіректі (26) сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап босатыңыз.
Нұсқау: бекіткіш иінтірек толық босатылғанда, ара
дискісі тарту күшінің арқасында шамамен 30°-қа тең
күйге аударылады.
– Сермерді (19) бұрыш индикаторы (64) қажетті тік еңіс
бұрышын көрсеткенше кулиса бойымен тартыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(26) қайтадан бекітіңіз.
Bosch Power Tools
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 m30 4033 601 m30 4733 601 m30 4323 601 m30 462

Tabla de contenido