Bosch Professional GTS 10 J Manual Original página 305

Ocultar thumbs Ver también para Professional GTS 10 J:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 60
– Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс
ең көбі 3 − 8 мм құрауы қажет.
– Сына қалындығы кесік енінен кіші және орта диск
қалындығынан үлкен болуы керек.
– Сына әрдайым ара дискісімен бір сызықта болуы
керек.
– Қалыпты кесіктер үшін сынаны әрдайым ең жоғары
күйде ұстау керек.
Сынаның биіктігін реттеу (F суретін қараңыз)
Ойықтарды аралау үшін сынаның биіктігін реттеу керек.
Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті
u
қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама,
тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз.
– Қыспа иінтіректі (37) ашып, қорғаныш қаптаманы (6)
сынадағы (7) ойықтан шығарыңыз.
Қорғаныш қаптаманы зақымдалудан қорғау үшін, оны
корпустағы арнайы ұстағышта (33) сақтаңыз
(O1 суретін де қараңыз).
– Қос иінді (18) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі
(26) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (34) босатыңыз.
– Сынаны штифттерден (35) тартып (қыспа иінтіректі
(34) сәл сыртқа тартыңыз), сынаны (7) төмен қарай
тірелгенше жылжытыңыз.
– Екі штифтті (35) сынаның жоғарғы саңылауларына
тіркеп, қыспа иінтіректі (34) қайтадан бекітіңіз.
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу (G1 суретін қараңыз)
– Сақтандырғыш қақпақты (19) жоғары қарай
қайырыңыз.
– Іске қосу үшін жасыл түсті қосу түймесін (56) басыңыз.
– Сақтандырғыш қақпақты (19) қайтадан төмен қарай
қайырыңыз.
Өшіру (G2 суретін қараңыз)
– Сақтандырғыш қақпақты (19) басыңыз.
Ток үзілуі
Ажыратқыш ток үзілуінен кейін (мысалы, пайдалану
кезінде желілік ашаны суырғаннан) электр құралының
қайта іске қосылуына жол бермейтін нөлдік кернеу
ажыратқышы болып табылады.
Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін, жасыл түсті
қосу түймесін (56) қайтадан басуыңыз керек.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіректерге
u
немесе басқа аспап бөліктеріне тимегеніне көз
жеткізуіңіз керек.
Bosch Power Tools
Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті
u
қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама,
тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз.
Электр құралын кесу үшін пайдаланбаңыз
u
(дайындамада аяқталатын ойық).
Ара дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Ара
дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Дайындаманың қысылып қалуына жол бермеу үшін
сынаны ара дискісімен бір сызықта орналастырыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындаманың жиегі
әрдайым параллель тірекке қою үшін тік болуы керек.
Жылжыту таяғын әрдайым электр құралында сақтаңыз.
Оператордың күйі (H суретін қараңыз)
Ара дискісімен бір сызықта ешқашан тұрмаңыз.
u
Денеңізді бағыттауыш тұрған ара дискісінің
жағында орналастырыңыз. Қайтарым дайындаманы
ара дискісінің алдында немесе ол мен бір сызықта
тұрған адамға жоғары жылдамдықта лақтыруы мүмкін.
– Алақан, саусақ пен қолыңызды айналатын ара
дискісінен алшақ ұстаңыз.
Бұл ретте төмендегі нұсқауларға назар аударыңыз:
– Дайындаманы екі қолмен қатты ұстап, аралау үстеліне
басыңыз.
– Жіңішке дайындамалар үшін және тік еңіс бұрышында
аралау кезінде әрдайым жеткізілім жиынтығындағы
жылжыту таяғын (23) және қосымша параллель тіректі
(41) пайдаланыңыз.
Макс. дайындама өлшемдері
тік еңіс бұрышы
45°
Аралау
Түзу кесіктерді аралау
– Параллель тіректі (9) қажетті кесік еніне реттеп
шығыңыз (қараңыз „Параллель тіректі реттеу",
Бет 304).
– Дайындаманы аралау үстеліне қорғаныш қаптаманың
(6) алдына қойыңыз.
– Ара дискісін қос иіннің (18) көмегімен ара дискісінің
(26) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3 − 6 мм-
ге жоғары болғанша көтеріңіз немесе түсіріңіз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жылжытып аралаңыз.
Тым көп қысым қолданған жағдайда, ара дискісінің
ұштықтары қатты қызып, дайындамға зақым келтіруі
мүмкін.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
Қазақ | 305
дайындаманың макс.
биіктігі [мм]
79
56
1 609 92A 5C2 | (26.07.2019)
loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 m30 5023 601 m30 5723 601 m30 5323 601 m30 562Gts 10 j professionalGts 10 professional