Hilti TE DRS-Y Manual Del Usuario página 161

Ocultar thumbs Ver también para TE DRS-Y:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 33
Шаңнан қорғайтын масканы пайдалану
Қорғауыш қолғаптарды қолданыңыз
Қорғауыш қолғаптарды қолданыңыз
1.4
Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Шаң тазартқыш модуль
Буын
Сериялық нөмір
2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл өнімге арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды, суреттерді және
техникалық деректерді оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындамау электр тогының
соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін
сақтаңыз.
Қауіпсіздік нұсқауларында қолданылатын «электр құралы» термині электр желісінен (желілік кабельмен)
және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралын білдіреді.
▶ Іске қосу алдында жүйелік өнімдердің пайдалану бойынша нұсқаулықтарын және
қауіпсіздікке қатысты ақпаратын оқып шығыңыз және ұстаныңыз.
▶ Модульді тек мақсатты пайдалану → Бет 156 үшін көрсетілген құралдарымен бірге пайдаланыңыз,
әйтпесе жарақат алу қаупі бар.
▶ Электр құралын реттеуге, құрамдас бөлшектерді ауыстыру немесе электр құралын алып қоймас
бұрын, розеткадан ашаны немесе электр құралынан алмалы-салмалы аккумуляторды шығарыңыз.
Бұл сақтық шарасы электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды қадағалаңыз және өніммен жұмыс істегенде ақылды пайда-
ланыңыз. Өнімді шаршап тұрған күйде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсерінде болған кезде
пайдаланбаңыз. Бір сәт зейінсіздік ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶ Өңдеу арқылы материал жарылуы мүмкін. Бұл сынықтар дене мен көздерге жарақат тигізуі мүмкін.
Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы және қорғауыш құлаққапты
киіп жүріңіз.
▶ Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай пайдаланыңыз.
Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын ескеріңіз. Электр құралдарын
басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастау алдында монтаждалатын керек-жарақтың берік бекітілгенін тексеріңіз.
▶ Суды соруға тыйым салынады.
▶ Модуль жарылу қаупі бар заттарды, қызған, жанатын немесе тұтанғыш заттарды, тот басқыш
шаңдарды (мысалы,
бензинді, еріткіштерді, қышқылдарды, салқындатқыш және майлау материалдары) сору үшін
пайдаланылмауы тиіс.
*2055779*
магний немесе алюминий шаңын) және сұйықтықтарды (мысалы,
2055779
TE DRS­Y
01
Қазақ
155
loading