All manuals and user guides at all-guides.com
OBJ_BUCH-1360-003.book Page 301 Wednesday, November 11, 2015 2:13 PM
Тұтқаларды құрғақ, таза және майсыз жағдайда
ұстаңыз. Май тұтқалар сырғақ болып бақылау
жоғалтуына алып келеді.
Электр құралды зақымдалған кабельмен пайда-
ланбаңыз. Кабель жұмыс істеу кезінде
зақымдалған болса желі айырын шығарыңыз.
Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған
кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті
сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған
ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері
немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске,
тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін.
Аспапты ешқашан ішпексіз пайдаланбаңыз.
Ақаулы ішпекті алмастырыңыз. Ішпек мінсіз
болмаса ара дискісімен жарақаттану мүмкін.
Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату
тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз
(мысалы, ромб түріндегі немесе дөңгелек). Араның
орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау
дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды
жоғалтуға әкеледі.
Қорғағыш қаптама дұрыс істеп бос жылжуын
қамтамасыз етіңіз. Қорғағыш қаптаманы ешқашан
ашық жағдайында қыспаңыз.
Электр құралын тек жұмыс аймағы өңделетін
дайындамаға дейін реттеу құралдарынан, ағаш
жоңқадан т.б. бос болғанда пайдаланыңыз.
Айналып тұрған аралау дискінде жатқан ағаш бөліктері
немесе басқа заттар пайдаланушыға қатты
жылдамдықта тиюі мүмкін.
Еденді ағаш жоңқалары мен қалдықтарынан бос
ұстаңыз. Сырғануыңыз немесе сүрінуіңіз мүмкін.
Орнатылған лазер немесе жарық диодты басқа
түріне алмастырмаңыз. Осы электр құралына сай
келмейтін лазер немесе жарық диодтардан адамдар
үшін қауіптер болуы мүмкін. Жөндеу немесе
алмастыруды өкілетті клиенттерге қызмет көрсету
орталығы орындауы қажет, осылай қауіпсіздік
сақталады.
Электр құралы істеп тұрғанда кесу қалдықтарын,
ағаш жоңқаларын т.б. кесу аймағынан
алыстатпаңыз. Манипуляторды әрдайым алдымен
тоқтау күйіне келтіріп, электр құралын өшіріңіз.
Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз.
Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
Егер аралау дискісі қысылса электр құралын
өшіріп, дайындамаға аралау дискісі тоқтағанша
тимеңіз. Кері соққыға жол бермеу үшін
дайындаманы тек аралау дискісі тоқтағанда
Bosch Power Tools
жылжыту қажет. Электр құралын қайта қосудан алдын
аралау дискісіның қысылу себебін жойыңыз.
Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан
қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы
аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Aралау дискісін дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Ешқашан электр құрал үстіне тұрмаңыз. Электр
құралы түсіп сіз аралау дискісіне тисеңіз қатты
жарақаттанулар пайда болуы мүмкін.
Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін
болсын.
Саусақтарды жылжымалы тұтқаның жылжымалы
бөлшектерінің арасына апармаңыз. Саусақтарды
жаншу және қатты жарақаттау мүмкін.
Қолтұтқаны қосу алдында және бүкіл аралау
әдісінде қатты ұстаңыз. Аралауда жылжымалы
тұтқанымен бақылауланған әрекет жасаңыз.
Бақылау жоғалған кезде жылжымалы тұтқа өте оңай
жылжитын болғаны үшін қатты жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Дайындаманы әрдайым алдынан арқаға аралаңыз.
Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп кері соғу
қаупі пайда болады.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды
болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын
жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр
құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағанасы
Лазерлік сәуле
сәулеге тікелей қарамаңыз
2-сынып лазері
Электр құралы айналып тұрғанда
қолды аралау аймағына әкемеңіз.
Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қaзақша | 301
1 609 92A 285 | (11.11.15)