Пайдалану алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
1.2.3
Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:
Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді
Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс
қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
1.3
Өнімге қатысты белгілер
1.3.1
Өнімдегі белгілер
Төмендегі белгілер өнімде қолданылады:
Ыстық бет туралы ескерту
Кранмен тасымалдауға тыйым салынады
1.4
Өнім туралы ақпарат
Hilti өнімдері кәсіпқой пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті қызметкерлер
пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік бойынша арнайы
нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану немесе олардың
оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Жуғыш шаңсорғыш
Буын
Сериялық нөмір
1.5
Сәйкестік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз. Сәйкестік декларациясының суреті осы құжаттаманың
соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың бөлек тарауларында берілген қауіпсіздік нұсқауларына қоса,
төменде берілген нұсқауларды қатаң сақтау керек.
▶ Барлық нұсқауларды міндетті түрде оқып шығыңыз! Бұл нұсқауларды елемеу электр тогының
соғуына, өртке және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Аспапты қолданған кезде электрлік құралмен бірге берілген пайдалану бойынша
нұсқаулықты оқып шығып, барлық нұсқауларды орындаңыз.
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
238
Қазақ
VC 60-W
02
2333433
*2333433*