▶ Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер көмегіне
жүгініңіз.
Қызмет
▶ Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2
Перфораторлармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Пайдаланатын аспабыңыз көзден таса электр желісіне тиіп кетуі мүмкін болса, аспаптың
арнайы жеке бөлінген жерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3
Перфоратор қауіпсіздігі бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
▶ Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз.
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын және/немесе төмен түсетін сынықтар адамдарға жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде
ұстаңыз.
▶ Пайдаланатын аспабыңыз көзден таса электр желісіне тиіп кетуі мүмкін болса, аспаптың арнайы
жеке бөлінген жерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері
кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶ Аспапты қолданған кезде арнайы қорғаныс көзілдірігін, қорғаныс шлемін, құлаққап, қорғаныс
қолғап пен жеңіл респиратор тағып жүріңіз.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз.
кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жарақаттауы
мүмкін.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз.
Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар және минералдар мен
металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін.
▶ Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз.
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
▶ Саусақтарыңыздың қандандыруын жақсарту үшін үзіліс жасап, жаттығулар жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
кері әсер тиюі мүмкін.
236
Қазақ
Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
2267485
Аспапты басқаруды жоғалту
Алмалы-салмалы аспапқа тию
Құрамында қорғасын бар бояулар,
*2267485*