Қызмет Көрсету; Жұмысқа Дайындық - Hilti TE 6-A22 Manual De Usario

Ocultar thumbs Ver también para TE 6-A22:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 59
5
Қызмет көрсету
5.1
Жұмысқа дайындық
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі абайсыздан қосылу себебінен!
▶ Аккумуляторды орнату алдында оған қатысты өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында аккумуляторды
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
5.2
Аккумуляторды орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Перфоратордың кездейсоқ іске қосылуы.
▶ Аккумуляторды орнату алдында перфоратордың өшірілгеніне және іске қосу құлпының қосылғанына
(оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышы ортаңғы күйде) көз жеткізіңіз.
1. Аккумуляторды құрылғы ұстатқышына тырс еткен дыбыс шыққанша мұқият салыңыз.
2. Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.3
Аккумуляторды шығару
1. Аккумулятордағы блоктан шығару түймешіктерін басыңыз.
2. Аккумуляторды шығарыңыз.
5.4
Бүйірлік тұтқышты орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Перфоратор басқарудың жоғалуы.
▶ Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Бекітетін сақина аспаптағы
оған арналған арнайы ойықта орналасқанына көз жеткізіңіз.
1. Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) босату үшін, тұтқыш бойынша айналдырыңыз.
2. Тереңдік шектегішін алдыңғы жақтан арнайы қарастырылған 2 бағыттауыш саңылау ішіне
жылжытыңыз.
3. Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) керу үшін, тұтқыш бойынша айналдырыңыз.
5.5
Тереңдік шектегішін орнату және реттеу
▶ Қажет болса тереңдік шектегішін орнатып, реттеңіз.
5.6
Құрал бекіткішін орнату/бөлшектеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Орнатылған, бірақ пайдаланылмаған тереңдік шектегішінен пайдаланушыға
кедергі келтіру қаупі.
▶ Аспаптан тереңдік шектегішін алыңыз.
▶ Құрал бекіткішін орнатыңыз/бөлшектеңіз.
5.7
Құралды орнату
1. Алмалы-салмалы аспап ұшын аздап майлаңыз.
▶ Тек Hilti компаниясы ұсынған түпнұсқа жағармай қолданыңыз. Қате майды қолдану аспапқа
зақым келтіруі мүмкін.
2. Алмалы-салмалы аспапты аспап қысқысына тірелгенше салыңыз.
3. Орнатқаннан кейін қысқыда берік бекітілгеніне көз жеткізу үшін жұмыс аспабын өзіңізге тартыңыз.
▶ Өнім жұмысқа дайын.
240
Қазақ
2
3
4
6
7
5
2267485
*2267485*
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido