Кәдеге Жарату - Hilti TE 6-A22 Manual De Usario

Ocultar thumbs Ver también para TE 6-A22:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 59
10.2.3 Шаң қорабын босату
Толып қалған шаң жинау қорабы мен лас сүзгі шаңның шамадан тыс бөлінуіне алып келуі мүмкін,
сондықтан оларды жүйелі түрде тазартып тұру қажет.
8-10 тесікті (16 мм x 50 мм) (5/8 дюйм x 2 дюйм) бұрғылағаннан кейін, шаң жинау қорабын
босатыңыз.
Шаңның бөлінуін барынша азайту үшін, шаңды жабық контейнерде сақтаңыз.
1. Аспапты көлденеңінен ұстап, қысқа уақытта жұмыс істетіңіз.
▶ Осылайша тазартқыш модульге жиналатын шаң қалдықтары шаң жинау қорабына сорылады.
2. Шаң жинау қорабындағы босату түймесін басып тұрыңыз.
3. Шаң тазартқыш модульден шаң жинау қорабын тартып, шығарыңыз.
4. Шаң қорабын босатыңыз.
▶ Сүзгі ласталған.
▶ Сүзгіні алмастырыңыз.
▶ Сүзгі тазартылды.
5. Шаң жинау қорабы сырт етіп орнына түскенше, оны шаң тазартқыш модульге төмен қарай сырғытып
салыңыз.
10.2.4 TE-DRS-OSHA сүзгісін тазалау
5 тесікті (16 мм x 50 мм) (1/2 дюйм x 3 дюйм) бұрғылағаннан кейін, сүзгіні босатыңыз.
▶ Егер сору қуаты төмендесе, тазалау механизмін 5 рет сырт еткен дыбыс естілгенше алға және артқа
қарай басыңыз.
10.2.5 Шаң тазартқыш модульді бөлшектеу
1. Перфоратордың оңға/солға айналуын ортаңғы күйге ауыстырыңыз.
2. DRS босатқышын басып тұрыңыз.
3. Шаң тазартқыш модульді аспаптан алға қарай тартыңыз.
11
Кәдеге жарату
Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санын қамтиды. Кәдеге жарату
алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды
қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилеріңізден сұраңыз.
Аккумуляторды кәдеге жарату
Аккумуляторларды нұсқаулардан тыс кәдеге жарату нәтижесінде газ не сұйықтықтың шығуы
денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
▶ Зақымдалған аккумуляторларды жіберуге немесе жөнелтуге болмайды!
▶ Қысқа тұйықталуға жол бермеу үшін, қосылымдарды ток өткізбейтін материалмен жауып қойыңыз.
▶ Аккумуляторларды балалардың қолына жетпейтіндей етіп кәдеге жаратыңыз.
▶ Аккумуляторды Hilti Store дүкенінде кәдеге жаратыңыз немесе жергілікті кәдеге жарату
кәсіпорнына хабарласыңыз.
▶ Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз!
12
RoHS (зиянды заттектердің пайдаланылуын шектеу директивасы)
Төмендегі сілтеме бойынша зиянды заттектердің кестесі келтірілген: qr.hilti.com/r4695.
RoHS кестесінің сілтемесі осы құжаттаманың соңында QR коды ретінде берілген.
13
Өндіруші кепілдігі
▶ Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне хабарласыңыз.
*2267485*
13
14
15
2267485
Қазақ
245
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido