kk
Қауіпсіздік жүйесі
Қауіпсіздік жүйесі
Кенет іске қосылудан қорғаныс
«Жұмыс күйлері» кестесін қараңыз.
Бұйымды тек қана 1 және 3 күйлерінде
қосуға болады:
■ ыдыс (11) орнатылғанда және
тірелгенше бұралған кезде.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Ток қуаты үзілген кезде бұйым қосулы
күйінде қалады, алайда қозғалтқыш
жұмыс істемей қалады. Қайта іске қосу
үшін айналмалы ажыратқышты 0/off
күйіне бұрап қосыңыз.
Артық жүктемеден қорғаныс
Егер жұмыс барысында қозғалтқыш
өздігінен тоқтап қалса, артық жүктемеден
қорғаныс іске қосылады. Бұл жағдайдың
ықтимал себебі - азық-түлік өнімдерінің
үлкен мөлшерлерін өңдеу.
Қауіпсіздік жүйелерінің іске
қосылғанында әрекеттер туралы
«Ақаулықтар орын алған жағдайдағы
көмек» мақаласын қараңыз.
Бұйым күтуді қажет етпейді.
Жалпы мәліметтер
Беттік жағынан жайып ашыңыз.
A суреті:
Негізгі бұйым
1 Босату түймесі
2 Айналмалы тұтқа
Тұтқаның жоғары қарай жылжуына
қолдау көрсетуге арналған
«Easy Armlift» функциясы («Жұмыс
күйлері» мақаласын қараңыз).
218
3 Айналмалы ажыратқыш
Өшірілгеннен кейін (0/off күйі) бұйым
құралды алмастыру үшін автоматты
түрде оңтайлы күйде жұмыс істейді.
0/off = тоқтату
M = жоғарырақ айналу жылдамдығына
арналған жедел ауыстыру,
ажыратқышты қалаулы араластыру
ұзақтығы үшін ұстап тұрыңыз.
1-7 қадамы, жұмыс жылдамдығы:
1 = төмен айналу жылдамдығы – баяу,
7 = жоғары айналу жылдамдығы –
жылдам.
4 Жұмыс индикаторы
Жұмыс барысында жанады
(айналмалы ажыратқыш M немесе
1-7 күйінде). Бұйым жұмысында
қателер орын алғанда, электрондық
сақтандырғыш ажыратылғанда
және бұйым бүлінген жағдайда
жыпылықтайды, «Ақаулықтар орын
алған жағдайдағы көмек» мақаласын
қараңыз.
5 Жетектің қорғаныс қақпағы
Жетектің қорғаныс қақпағын алып
тастау үшін, артқы жағын басып,
қақпақты алып тастаңыз.
6 Жетек:
– асүйлік майдалағыш және
– шырын сыққыш (арнайы жабдық*).
Бұйымды қолданбаған кезде жетектің
қорғаныс қақпағын орнатыңыз.
7 Құралға арналған жетек
(бұлғауыш, қаққыш, илегіш) және
еттартқыш (арнайы жабдық*)
8 Араластырғыш жетегінің қорғаныс
қақпағы
9 Араластырғышқа арналған жетек
(арнайы жабдық*)
Қолданылмаған кезде араластырғыш
жетегінің қорғаныс қақпағын
орнатыңыз.
10 Кабельді орау автоматикасы
Көмекші құралы бар ыдыс
11 Тот баспайтын болаттан
араластырғыш ыдыс
12 Қақпақ