▶ Тұтқыштарды таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз.
▶ Ешқашан аспапты құлатпаңыз.
▶ Қорапты тұтқыш ретінде пайдаланбаңыз.
▶ Арнайы рұқсат берілмеген болса, аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар жерлерде қолданбаңыз.
▶ Бар саңылаулардың ішіне Hilti компаниясы ұсыныс бергеннен басқа (мысалы, DX-Kwik) ешқандай
элементтер салмаңыз.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс алаңында тәртіпті сақтаңыз. Жұмыс ортасын жарақаттауы мүмкін нысандардан бос күйде
сақтаңыз.
▶ Жұмыс орнын ұқыпсыз ұстау жарақаттану тәуекелін көбейтеді.
▶ Жұмыс орнын жақсы жарықпен және ауа алмасумен қамтамасыз етіңіз.
Механикалық сақтық шаралары
▶ Аспапта, әсіресе піспекте қандай да бір манипуляциялар жасауға немесе өзгертулер енгізуге тыйым
салынады.
▶ Аспаппен бірге тек рұқсат етілген бекіту элементтерін қолданыңыз.
Термиялық сақтық шаралары
▶ Ұсынылатын ең жоғары қондыру жылдамдығынан асырмаңыз.
▶ Аспап қызып кетсе, оны суытыңыз.
▶ Қатты қызған аспапты бөлшектемеңіз. Аспапты суытыңыз.
2.4
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ LiIon аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша арнайы нұсқаулардың
талаптарын орындаңыз.
▶ Аккумуляторларды жоғары температуралар, тікелей күн сәулесі мен өрттен алшақ ұстаңыз.
▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) жоғары температураға дейін қыздыруға және
жағуға тыйым салынады.
▶ Соққы тиген, бір метрден жоғары биіктіктен құлаған немесе басқа жолмен зақымдалған
аккумуляторларды пайдалануға немесе зарядтауға болмайды.
Hilti сервистік қызметіңізге хабарласыңыз.
▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды тұтанғыш
материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын жерге қойыңыз.
Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық болып тұрса, бұл оның
ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
*2180111*
2180111
Мұндай жағдайда әрдайым
Қазақ
379