272 | Қaзақша
– Еден плитасын 44 алып қойыңыз.
– Бекіткіш бұранданы 55 босатып төменгі ара дискісінің
қаптамасын 54 ашыңыз.
– Дайындаманың снықтары мен жоңқаларын алып
қойыңыз.
– Төменгі ара дискісінің қаптамасын жабып қайта бұрап
қойыңыз.
Төменгі плитаны қайта бұрап қойыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Сыртқы сорғыш (k суретін қараңыз)
Жинақтағы сорғыш адаптерді 41 шаңсорғышты жоңқа
шығатын жайға 40 қосу үшін пайдаланыңыз.
– Сорғыш адаптер 41 мен шаңсорғыш шлангын салып
қойыңыз.
– Қосымша сору қуатын көтеру үшін Y-адаптері (керек-
жарақ) көмегімен шаңсорғышты аспирациялық
құбырларға 6 қосуыңыз мүмкін.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Аралау дискісін алмастыру
(l1– l4 суреттерін қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз.
Аралау дискісін шешу
– Бұрауышпен ішпекті 31 алдында көтеріп аспаптар
шахтасынан шығарыңыз.
– Қос иінді 20 сағат тіліне қарсы ара дискісі 32 аралау
үстелінің жоғарысында ең жоғарғы күйде тұратын етіп
тірелгенше бұраңыз.
– Қорғауыш қалпақты 5.x тірелгенше артқа қисайтыңыз.
– Қысқыш сомынды 56 шеңберлік кілтпен 15 (24 мм)
бұрап бір уақытта шпиндельді бұғаттау тұтқышын 57
тірелгенше тартыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау тұтқышын тартып ұстап қысқыш
сомынды сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз.
– Қысқыш фланецты 58 шешіңіз.
– Аралау дискісін 32 шешіңіз.
1 609 92A 15S | (29.1.15)
Аралау дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Жаңа ара дискісін қысқыш фланецке 59 аспап
шпинделінде 60 орнатыңыз.
Ескертпе: Кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара дискісі
мен сына аралығы максималды 5 мм болуы мүмкін.
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланец 58 пен қысқыш сомынды 56
орнатыңыз.
– Қысқыш сомынды 56 шеңберлік кілтпен 15 (24 мм)
бұрап бір уақытта шпиндельді бұғаттау тұтқышын 57
тірелгенше тартыңыз.
– Қысқыш сомынды сағат тілімен берік тартыңыз. (бұрау
моменті шам. 15–23 Н*м)
– Салынбалы плитаны 31 қайта орнатыңыз.
– Қорғауыш қалпақты 5.x төменге қайта апарыңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісінің тасымалдау және жұмыс
істеу күйі
Тасымалдау күйі
– Сермерді 19 сағат тіліне қарсы ара дискісінің 32 тістері
аралау үстелінің 17 астында тұрғанша бұраңыз.
Тасымалдау туралы қосымша нұсқауларды 276 бетінде
қараңыз.
Жұмыс күйі
– Қос иінді 20 сағат тілімен ара дискісінің 32 тістері
дайындама жоғарысында тұрғанша бұраңыз.
Ескертпе: Қорғағыш қаптама дұрыс орналасқанына көз
жеткізіңіз. Ол әрдайым дайындамада жатуы керек.
Аралау үстелін үлкейту
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Үстел кеңейтпесі (А суретін қараңыз)
Үстел кеңейтпесі 11 аралау үстелін 17 оңға максималды
435 мм-ге кеңейтеді.
– Қысқыш тұтқаны 18 аралау үстелінің ұзартқышы үшін
толығымен жоғарыға тартыңыз.
– Үстел кеңейтпесін 11 керекті ұзындығына дейін сыртқа
тартыңыз („Параллельді тіреуішті кеңейтілген аралау
үстелінде реттеу", 273 бетінде қараңыз).
– Қысқыш тұтқаны 18 төмен басыңыз.
Үстел кеңейтпесі осылай бекітіледі.
Bosch Power Tools