Philips sonicare HX3601/01 Manual De Instrucciones página 554

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 102
554
Қазақша
Батареяның қауіпсіздік нұсқаулары
-
Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз.
Өнімді және оның батареялары мен
аксессуарларын қолданбас бұрын, осы ақпаратты
мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін
сақтап қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауіптерге
немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Жадбықталған аксессуарлар әртүрлі болуы мүмкін.
-
Тек түпнұсқа Philips аксессуарларын және
тұтынушылық заттарын пайдаланыңыз. Тек
алынбалы HX6110 қуат құралын пайдаланыңыз.
Өніммен берілген қайта зарядталатын батареяны
ғана пайдаланыңыз.
-
Өнімді 5 °C – 40 °C (41 °F – 104 °F) аралығында ғана
зарядтаңыз және пайдаланыңыз.
-
Өнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және
тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура
әсеріне ұшыратуға болмайды.
-
Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі
өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да ұзақ уақыт
алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды тоқтатып,
Philips компаниясына хабарласыңыз.
-
Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті
заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе
батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге, зақымдауға
немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды
қысқа тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері
күйде зарядтауға болмайды.
-
Батареялар зақымдалса немесе кемісе, теріге
немесе көзге тигізбеңіз. Осы орын алса, бірден
сумен жақсылап шайып, медициналық көмекке
жүгініңіз.
-
Батареяларды қолданған кезде қолыңыз, өнім
және батареялар құрған екендігіне көз жеткізіңіз.
-
Батареяларды алғаннан кейін кездейсоқ қысқа
тұйықталуын болдырмау үшін батарея
клеммаларының металл нысанмен (мысалы,
тиындар, қыстырғыштар, сақиналар)
байланысуына мүмкіндік бермеңіз.
loading