Экранның көрсету режимі жəне
индикаторлар
СКД экранның көрсету режимін DISPLAY
қосқышы арқылы келесі режимдер арасында
ауыстыруға болады.
Толық экранды көрсету режимі
Фотокамераның кескінін СКД экранының
дисплейіне толық көрсетеді. TALLY жəне
басқа индикаторлар фотокамераның кескініне
орналасады. Көрсетілетін кескіннің
ажыратымдылығы маңызды болғанда осы
режимді пайдаланыңыз.
M
A
G
Өлшемі кішірейтілген көрсету режимі
Фотокамераның кескінін фотокамераның
кескінінен жоғары жəне төмен аумақтарда
көрсетілетін TALLY жəне басқа индикаторлар
арқылы кішірейтілген өлшемде көрсетеді.
TALLY жəне басқа индикаторлардың анық
көрінісі маңызды болғанда осы режимді
пайдаланыңыз.
M
A
G
Фотокамераның жəне осы құрылғының күйін
көрсету үшін индикаторлар СКД экранының
жоғарғы жəне төменгі жағында орналасады.
a G TALLY индикаторы (жасыл)
Жасыл санақ сигналы кіріс болғанда жанады.
b R TALLY индикаторы (қызыл)
Қызыл санақ сигналы кіріс болғанда жанады.
c Y TALLY индикаторы (сары)
Сары санақ сигналы кіріс болғанда жанады.
Ескертпе
Толық экранды көрсету режимінде TALLY
индикаторларының көрсету орны бір орынға
бекітіледі. Сəйкесінше, кіріс сигналдан тəуелсіз бір
мезгілде тек бір R/G/Y санақ индикаторын жағуға
болады. Санақ индикаторының көрсету
басымдылығы – қызыл, жасыл жəне сары, сондай-ақ
осы ретте ғана болуы қажет.
d [!] (Назар аудару) индикаторы
(күңгірт сары)
Фотокамера белгілі бір жағдайларды
анықтағанда жанады. Индикатор жанатын
жағдайлар фотокамерада көрсетіледі.
M
[!] индикаторы жанатын жағдайларды
A
реттеп, тексеру əдісі туралы мəліметтер алу
G
үшін фотокамераның пайдалану нұсқаулығын
қараңыз.
e BATT (батарея) индикаторы
(қызыл)
Фотокамераға салынған батареяның күйін
көрсету үшін жанады немесе жыпылықтайды.
Жану: Батареяның заряды толығымен бітті.
Жыпылықтау: Батареяның кернеуі шектік
мəннен төмен түсті.
Фотокамераның өшуін болдырмау үшін, осы
индикаторлар жыпылықтай бастағанда
батареяны мүмкіндігінше тез арада
ауыстырыңыз.
Осы индикатор жанып немесе жыпылықтап
бастайтын батарея кернеуінің шектік мəнін
M
фотокамера арқылы орнатуға болады.
A
Мəліметтер алу үшін фотокамераның
нұсқаулығын қараңыз.
G
f SAVE индикаторы (күңгірт сары)
Фотокамераға тіркелген жазу құралы қуат
үнемдеу режимінде болғанда жанады.
Бөліктердің атаулары мен функциялары
107