Құрылғыңызды
күтіңіз және дұрыстап
пайдаланыңыз
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
• Ылғалды орта мен сұйықтықтар құрылғының
бөлшектерін немесе электрондық шағын схемаларын
зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер
құрылғы қосулы болса, өшіріңіз (құрылғы өшпесе,
сол күйінде қалдырыңыз). Сосын құрылғыңызды
орамалмен кептіріп, оны қызмет көрсету орталығына
алып барыңыз.
• Бұл құрылғы ішкі сұйықтық индикаторлармен
жабдықталған. Құрылғыңыз сумен зақымдандалған
жағдайда өндіруші кепілдігінің күші жойылуы мүмкін.
Құрылғыны тегіс беттерде ғана сақтаңыз
Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны қоршаған орта температурасы 0 °C
және 35 °C аралығындағы орындарда пайдалануға
болады. Құрылғыны қоршаған орта температурасы
-20 °C және 50 °C аралығындағы орындарда сақтауға
болады. Құрылғының ұсынылған температура
ауқымынан тыс пайдалану немесе сақтау
құрылғының зақымдалуына немесе батареяның
қызмет мерзімінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін
• Құрылғыны жазғы уақытта көлік ішінде сияқты өте
ыстық аймақтарда сақтамаңыз. Бұлай істеу құрылғыны
зақымдауы мүмкін немесе батарея жарылуы мүмкін.
• Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы,
көлік басқару панелінде) ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
Қазақ тілі
388