Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгертпеңіз
немесе жөндемеңіз
• Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер
өндірушінің кепілдігін жарамсыз етеді. Құрылғыға
қызмет көрсету қажет болса, құрылғыны Samsung
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
• Жарылуға немесе өрттің шығуына себеп
болатындықтан, құрылғыны бөлшектемеңіз немесе
теспеңіз.
• Батареяны бөлшектеуге және қайта пайдалануға
болмайды.
Құрылғыны тазалағанда мыналарды ескеріңіз
• Құрылғыңызды жұмсақ және құрғақ матамен сүртіңіз
де, қабылдағыштағы қандай да бір кірді немесе
құлықты қылшақтың немесе басқа құралдардың
көмегімен алып тастаңыз.
• Батарея клеммаларын құрғақ матамен тазалаңыз.
• Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз.
Бұлай істеу құрылғы сыртының түссізденуіне немесе тот
басуына әкелуі мүмкін я болмаса ток соғуына немесе
өртке әкелуі мүмкін.
• Құрылғыны шаң, тер, сия, май және косметика,
бактерияға қарсы спрей, қол тазалау құралы, ағартқыш
және инсектицидтер сияқты химиялық өнімдер
әсерінен қорғаңыз. Құрылғының сыртқы және ішкі
бөлшектері зақымдалуы мүмкін немесе нашар
өнімділікке әкелуі мүмкін. Егер құрылғыға жоғарыда
аталғандардың біреуі түссе, тазалау үшін түктенбейтін
жұмсақ матаны қолданыңыз.
Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа
мақсатқа пайдаланбаңыз
Құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Қазақ тілі
392