6.1
Қосу
▶ Негізгі сөндіргішті баяу басыңыз.
◁ Айналу моменті қадамсыз реттеледі.
6.2
Үздіксіз жұмыс режимін қосу
▶ Негізгі сөндіргіш басылған күйінде тежегіш түймені басыңыз.
6.3
Үздіксіз жұмыс режимін өшіру
▶ Негізгі сөндіргішті одан әрі басыңыз.
6.4
Қондырылған бұранданы шығарып алу
1. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын солға айналу күйіне орнатыңыз.
2. Қондырылған бұранданы шығарып алыңыз.
7
Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым тартып шығарыңыз!
Аспапты күту
•
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
•
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
•
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
•
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Аспап зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
•
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
•
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
8
Тасымалдау және сақтау
•
Электр аспапты енгізілген құралымен бірге тасымалдамаңыз.
•
Электр аспапты әрқашан ажыратылған ашасымен бірге сақтаңыз.
•
Аспапты құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
•
Электр аспапты ұзақ уақыт тасымалдаған не сақтаған соң, оны пайдалану алдында зақымдардың
бар-жоғын тексеріңіз.
9
Кәдеге жарату
Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санын қамтиды. Кәдеге жарату
алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды
қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилеріңізден сұраңыз.
120
Қазақ
Printed: 24.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5070743 / 000 / 04
378505
*378505*