•
Құралдарды ағынды су астында 2 минут бойы жақсылап шайып алыңыз.
Саңылаулар мен қуыстардың ағынды сумен бірнеше мәрте толтырылып,
қайта босатылуын қамтамасыз етіңіз.
•
Соңғы рет шайғаннан кейін құралдарды дереу кептіріңіз. Температураны
140 ºC-тан (285 ºF-тан) асырмаңыз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТАЗАЛАУ
•
Жабысып қалған кірді кетіру нәтижелерін жақсарту үшін, автоматты
түрде тазаламас бұрын, аспаптарды қолмен тазалау керек болуы мүмкін.
Аспаптарды ферменттік тазалау ерітіндісіне салып, металл емес қылшақпен
тазалаңыз.
•
Аспаптарды, олардың жарықтарынан, жіктерінен, тегіс емес жерлерінен,
саңылауларынан және қуыстарынан су ағып шыға алатындай қылып
салыңыз.
•
Аспаптарды автоматты түрде тазалауға арналған және рН мәні бейтарап
тазалау бұйымымен (мысалы, Getinge ферменттік тазалағышымен)
бекітілген зарарсыздандыру және тазалау құралында «Аспаптар»
циклымен тазалаңыз. Тазалау циклы құрамында алдын ала шаю (кемінде
3 минут), жуу (кемінде 14 минут), шаю (кемінде 7 минут), термиялық шаю
(200 ºF / 93 ºC-та кемінде 1 минут) және кептіру қадамдары болуы тиіс —
алайда температура 140 ºC-тан (285 ºF-тан) аспауы тиіс.
•
Ферменттік ерітінді орнына немесе оған қосымша түрде Serchem pH Plus
тазалағышы сияқты рН мәні 13,2 дейінгі сілтілі тазалау ерітіндісін пайдала-
нуға болады.
ТАЗАЛАҒАННАН КЕЙІН ТЕКСЕРУ
•
Аспап беттерінде ластанған жерлердің болмауын қамтамасыз ету үшін
аспаптардың барлығын зарарсыздандырудан немесе сақтап қоюдан бұрын
тексеріп алыңыз.
•
Аспаптарды көзбен тексеріп шығыңыз. Оларда әлі де ластанған жерлер
болған жағдайда, оларды қайтадан тазалаңыз.
•
Кабель тозбаған және зақымданбаған қалыпта болғанын тексеріп алыңыз.
Сонымен қатар кабельде, сынып, жыртылып немесе басқа түрде зақымда-
нып қалған жерлерінің болмауына көз жеткізіңіз.
•
Толқын арнасында сызықтар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Зақымданған жерлер анықталған жағдайларда, осылар туралы LOTUS
өкіліне хабарлаңыз.
ҚАПТАУ
•
Жергілікті процедуралар әдістемелеріне сай қос қаптамалы түрде қаптап,
қаптау барысында ANSI / AAMI ST46-1993 нормасында сипатталғандай
стандартты процедуралық қаптама әдістемелерін ұстаныңыз.
•
Қапталған науа ішіндегі заттардың тізімін кетпейтін маркермен немесе
зарарсыздандыру үшін лайықты басқа белгілеу жүйесімен жазыңыз.
ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ
•
Түрлендіргіштерді ең көбі 50 рет автоклавта өңдеуге болады.
•
Зарарсыздандыруды ота жасаудан бір күн бұрын өткізген жөн. Дегенмен
жабдықтың салқындауын және тұрақтануын қамтамасыз ету үшін зарарсы-
здандыруды отадан кемінде бір сағат бұрын жасау керек.
•
Салқындатуды тездету үшін түрлендіргіштерді суға батыруға БОЛМАЙДЫ.
•
Генераторды зарарсыздандыруға БОЛМАЙДЫ.
•
Осы құрамдас бөлшектер вакуумдық автоклав ішінде төмендегі әдіспен
зарарсыздандыру үшін лайықты деп тексеріліп бекітілген. Ол үшін қолда-
нылатын параметрлер: 134 – 137 ºC (270 – 277 ºF) температура аумағында
кемінде 3 минут және ең көбі 4 минут ұстау, сондай-ақ 5 минуттық кептіру
циклын қолдану (ұлттық стандарттарда автоклав ішінде ұстау уақыты 18
минутқа дейін деп белгіленген жағдайларда, мұндай мерзімді қолдануға
болады, дегенмен қолданбаған жөн).
САҚТАУ
•
Зарарсыздандырылған қалыпта қапталған аспаптарды шаң, ылғал, жәндік,
зиянкестер және температура мен ылғалдықтың экстремалдық мәндерінен
қорғалатындай қылып сақтау қажет.
107