Bowa LOTUS Serie Instrucciones De Uso página 106

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 19
Өндірушінің құралдарды тазалау және пайдалану нұсқаулары мен ескерту-
лерін ұстаныңыз.
Қайта өңдеу кезінде температураны 140 ºC-тан (285 ºF-тан) асыруға БОЛ-
МАЙДЫ.
УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЖУУ әдісін немесе CIDEX жүйесін пайдалануға БОЛМАЙ-
ДЫ.
LOTUS генераторын зарарсыздандыруға БОЛМАЙДЫ.
Толқын арнасындағы сызықтар немесе жаншылған жерлер оның бұзылуы-
на немесе дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін.
LOTUS генераторында жиналып қалуы мүмкін қалдықтарды немесе тінді
абайлап отырып алып тастау қажет.
Түрлендіргіш генераторға жалғанбаған қалыпта болғанда, әсіресе
тасымалдау, сақтау және қайта өңдеу барысында, қақпақшаны айырға
орнатыңыз.
Түрлендіргішті генераторға жалғайтын кезде ғана қақпақшаны шығарып
алыңыз.
Толқын арнасын қорғау үшін төменде көрсетілген науаларды автоматты
түрде тазалау және зарарсыздандыру үшін қолданған жөн:
НАУА №
КОДЫ
SV3-200
CV3-400
ES4-200CT
ES4-400CT
LR3-200
773-984
LR3-400
W3-200
W3-400
DB3-400
DB3-100
SV3-500
773-985
ES4-500CT
ҚАЙТА ӨҢДЕУ ШЕКТЕУЛЕРІ
Түрлендіргіштерді ең көбі 50 рет автоклавта өңдеуге болады.
Қызмет мерзімінің аяқталуы әдетте оталарда қолданылу салдарынан пайда
болған тозу немесе зақымдануларға қарай анықталады.
Құралдардың дұрыс жұмыс істейтінін тексеру үшін құралдарды оталар не
араласулар арасында әрдайым мұқият тексеріп тұру қажет.
Пациенттің жарақаттануына және ота жасалған жерде металл бөлшектердің
жоғалып кетуіне жол бермеу үшін, зақымдалған құралдарды ауыстырып
отыру қажет.
ҚҰРАЛДЫ ҚОЛДАНҒАННАН КЕЙІН
Құралды қолданғаннан кейін оның құрамдас бөлшектерінің барлығын
дереу сүртіп, қалдық дене сұйықтықтары мен бөтен заттарды кетіріңіз.
Құралдың шеткі қақпағын түрлендіргіш кабелінің бос ұшына орнатыңыз.
Қақпақты орнына толығымен енгізіңіз.
ҚОЛМЕН ТАЗАЛАУ
Ферменттік тазалау ерітіндісін (мысалы, Gigazyme Plus) өндіруші нұсқаула-
рына сай дайындаңыз.
Ластанған құралдарды ферменттік ерітіндіге 5 минутқа салып қойыңыз.
Құралдарды тазалау үшін олар тазалау ерітіндісіне толығымен батырып са-
лынуы тиіс. Жарықтар, жіктер немесе басқа тегіс емес жерлерде жиналған
қан мен қалдықтарды жою үшін металл емес, жұмсақ қылшақпен немесе
шүберекпен сүртіңіз. Саңылаулар мен қуыстарды лайықты қылшақпен та-
залап, қылшақ олардың түбіне немесе шетіне дейін толығымен жеткеніне
көз жеткізіңіз. Келесі қадамға өтуден бұрын, құралдарда көзге көрінетін кір
жерлері жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
106
773-984 / 773-985
Қақпағы бар LOTUS қайта өңдеу себеті
Tabla de contenido
loading

Productos relacionados para Bowa LOTUS Serie

Tabla de contenido