Philips NA230 Manual Del Usuario página 414

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 74
416
Қазақша
Мазмұны
Маңызды ақпарат ________________________________________________________________________
Өңдеу ____________________________________________________________________________________
Кепілдік және қолдау көрсету ____________________________________________________________
Кіріспе ___________________________________________________________________________________
Жалпы сипаттамасы______________________________________________________________________
Алғаш рет қолданар алдында ____________________________________________________________
Алғаш рет қолданар алдындағы дайындықтар____________________________________________
Құрылғыны қолдану _____________________________________________________________________
Тазалау __________________________________________________________________________________
Сақтау ___________________________________________________________________________________
Ақаулықтарды жою ______________________________________________________________________
Маңызды ақпарат
Қауіпті жағдайлар
Ескерту
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып,
оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
-
Құралды ыстық газ плитасының немесе электр плитасы мен электр
табаларының барлық түрлерінің үстіне немесе жанына, не болмаса
қыздырылған пештің ішіне қоймаңыз.
-
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға да, оны ағын судың
астында да шаюға да болмайды.
-
Ток соғу қаупін алдын алу үшін, құралға су немесе басқа сұйықтық кірмеу
керек.
-
Қыздыру элементіне тимеуі үшін, қуырылатын ингредиенттерді әрдайым
табаға салыңыз.
-
Құрал жұмыс істеп жатқанда, ауа кіретін және шығатын тесіктерді
жаппаңыз.
-
Табаға май құймаңыз. Өрт шығуы мүмкін.
-
Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды
қолданбаңыз.
-
Жұмыс істеп жатқанда, құралдың ішін қолмен ұстамаңыз.
-
Ешқашан табада көрсетілген максималды деңгейден асатын тамақ
көлемін салмаңыз.
-
Пештің таза болуын және онда тағам қалдықтарының болмауын
әрқашан тексеріңіз.
-
Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін, оны Philips, оның
қызмет агенті немесе сол сияқты кәсіби мамандар алмастыруы тиіс.
-
Құралды жерге тұйықталу сөндіргішімен қорғалған жерге тұйықталған
розеткаға ғана қосыңыз.
-
Ашаның қабырға розеткасына дұрыс салынғанын әрдайым тексеріңіз.
-
Бұл құрал сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару
құралымен басқарылмайды.
416
418
419
419
419
419
419
420
426
428
428
loading

Este manual también es adecuado para:

Na231Na230/09Na231/00Na230/00