– Алты қырлы дөңбек кілт/оймакілтекті бұрауыш (5)
– Шаң жинағыш қап (8)
үстелдік дискілі араға қоса:
– Параллель тірек (61)
– Жылжыту таяғы (62)
– Ара төсемінің астыңғы қаптамасы (66)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш
аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің
ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру
керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін
және қысылмағанын немесе бөліктердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Стационарлық немесе икемді монтаждау
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында монтаждау (a − b суреттерін
қараңыз)
– Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Бұл ретте саңылаулар (3)
пайдаланылады.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқыштармен жұмыс аймағына бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде монтаждау
Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын
биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте
бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын
дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстеліне қатысты барлық ескертулер мен
u
нұсқауларды оқып шығыңыз. Ескерулер мен
нұсқауларды орындамаудан ток соғуы, өрт пайда
болуы және/немесе ауыр жарақат алу қаупі туындауы
мүмкін.
Электр құралын орнатпас бұрын жұмыс үстелін
u
дұрыстап құрастырыңыз. Бұзылу қаупін болдырмау
үшін мінсіз құрастыру маңызды болып табылады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
монтаждаңыз.
Икемді орнату (ұсынылмайды!)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
құлаудан қорғанысты орнату керек. Қорғаныс ретінде
аударылудан қорғаныш қапсырма (6) қолданылады.
Құлаудан сақтау дөңесін ешқышын алып
u
қоймаңыз. Құлаудан сақталмаған электр құралы
тұрақты тұрмай, максималды қисайту бұрышындағы
аралау кезінде құлауы мүмкін.
Bosch Power Tools
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Өзіндік сору (c суретін қараңыз)
Жоңқаны ұстап алу үшін жеткізілім жиынтығындағы шаң
жинағыш қапты (8) пайдаланыңыз.
Шаң жинағыш қапты әр пайдаланғаннан кейін
u
тексеріп тазалаңыз.
Өрт қаупінің алдын алу үшін алюминийді аралау
u
кезінде шаң жинағыш қапты алып тастаңыз.
Шаң жинағыш қап аралау кезінде жылжымалы құрылғы
бөлшектеріне тимеуі керек.
– Шаң жинағыш қаптағы (8) қысқышты қысып, шаң
жинағыш қапты жоңқаны шығаруға арналған келте
құбыр (9) үстіне кигізіңіз. Қысқыш жоңқаны шығаруға
арналған келте құбырдың ойығын ұстап қалуы қажет.
Шаң жинағыш қапты дер кезінде босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаң сору үшін жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (9) шаңсорғыш шлангісін (диаметрі 36 мм) де
жалғауға болады.
– Шаңсорғыш шлангісін жоңқаны шығаруға арналған
келте құбырға (9) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Құрамдас бөлшектерді монтаждау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қазақ | 295
1 609 92A 7SS | (06.03.2023)