Bosch GCM 350-254 Professional Manual Original página 298

Ocultar thumbs Ver también para GCM 350-254 Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 57
298 | Қазақ
– Қыспа иінтіректі (7) босатыңыз.
– Манипуляторды, тұтқасынан (12) ұстап, тіреуіш
бұранда (66) тіректе (3) жатқанша, солға қайырыңыз.
Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне
(18) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (47) жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (66) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (66) бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (7) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (66) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер (41) және (5) бұрыш индикаторлары реттеу
жасалғаннан кейін шкаланың (4) 45° белгілерімен бір
сызықта тұрмаса, алдымен бір рет тік еңіс бұрышының 0°
реттеуін және бұрыш индикаторын тексеріп шығыңыз.
Содан кейін тік 45° еңіс бұрышының реттеуін тексеріп
шығыңыз.
45° тік стандартты еңіс бұрышын (оң жақ) реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (18) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз.
Иінтірек (22) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2) алып
тастаңыз.
– Тіреуішті (42) толығымен сыртқа қайырыңыз
– Оң жақ тіреуішті (3) 45° стандартты еңіс бұрышы
көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (7) босатыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (12) ұстай отырып,
тіреуіш бұранда (67) тіреуіште (3) жатқанша, солға
қайырыңыз.
Тексеріңіз (V1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 135° реттеп, оны аралау
үстеліне (18) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (47) жатуы керек.
Реттеу (V2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (67) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (67) бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (7) қайта тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (67) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер (41) және (5) бұрыш индикаторлары реттегеннен
кейін шкаланың (4) 45° белгілерімен бір сызықта
тұрмаса, алдымен тік еңіс бұрышының 0° реттеуін және
1 609 92A 5UA | (06.10.2020)
бұрыш индикаторын тағы бір рет тексеріп шығыңыз.
Содан кейін тік 45° еңіс бұрышын қайтадан реттеп
шығыңыз.
Горизонталды еңіс бұрышының шкаласын бағыттау
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (18) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (22) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (W1 суретін қараңыз)
– Бұрышты калибрді 90° реттеп тіреуіш планка (1) мен
аралау дискісі (47) арасында аралау үстеліне (18)
орнатыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (47) жатуы керек.
Реттеу (W2 суретін қараңыз)
– Барлық төрт реттеу бұрандасын (68) алты қырлы
дөңбек кілтпен (4 мм) аралау үстелін (18) шкаламен
(26) бірге бұрышты калибрдің бір жағы ара дискісімен
бүтін ұзындығында бірдей болғанша бұраңыз.
– Бұрандаларды қайта берік бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (24) реттегеннен кейін
шкаланың (26) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (69) стандартты крест тәрізді бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен
туралаңыз.
Реттеу: (W2 суретін қараңыз)
– Барлық төрт реттегіш бұранданы (68) крест тәрізді
бұрауышпен босатып, аралау үстелін (18) шкаламен
(26) бірге бұрыштық калибрдің бір жағы ара
дискісімен бүтін ұзындығында бірдей болғанша
бұраңыз.
– Бұрандаларды қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер бұрыш индикаторы (24) реттегеннен кейін
шкаланың (26) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (69) стандартты крест тәрізді бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен
туралаңыз.
Тасымалдау (X суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Бекіткіш бұранда (6) тартылған болса, оны босатыңыз.
Манипуляторды толық алға тарта отырып, бекіткіш
бұранданы қайтадан бұрап бекітіңіз.
– Тереңдік шектегішінің (40) толығымен артқа
қайырылғанын және дәлдеу бұрандасы (39)
манипуляторды жылжытқан кезде тереңдік
шектегішіне тимей ойыққа кіргеніне көз жеткізіңіз.
– Аралау үстелінің ұзартқыштарын толығымен ішке
жылжытып, бекітіңіз.
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Электр құралына берік монтаждау мүмкін болмайтын
барлық керек-жарақтарды шығарып алыңыз.
– Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін
мүмкіндігінше жабық контейнерге салыңыз.
– Желілік кабельді жабысқақ таспамен (70) жинаңыз.
Bosch Power Tools
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido