Grundfos Multilift M Serie Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 306

Ocultar thumbs Ver también para Multilift M Serie:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 186
10. Күтім жасау жəне техникалық қызмет
көрсету
Multilift M станциясы ең аз техникалық қызмет көрсетуді қажет
етеді.
Назар аударыңыз
Денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін
сұйықтықтарды тарту үшін
пайдаланылатын су көтеру станцияларында
техникалық қызмет көрсетуді жəне қызмет
көрсетуді орындау алдында су көтеру
станциясын таза сумен мұқият жуыңыз
жəне шығару құбырын төгіңіз.
Бөлшектеуден кейін бөліктерді суда
шайыңыз. Изоляциялық клапандар
жабылғанын тексеріңіз. Жұмысты жергілікті
ережелерге сай орындау керек.
Назар аударыңыз
LC 221 ішінде кез келген қосылымдарды
жасау немесе су көтеру станцияларында
жұмыс істеу алдында қуат көзі өшірілгеніне
жəне оның кездейсоқ қосылмайтынына көз
жеткізіңіз.
EN 12056-4 стандартына сай су көтеру станцияларын келесі
тұрақты аралықтарда тексеру керек:
бір жанұялық үйлерде 12 ай сайын
көп жанұялық үйлерде 6 ай сайын
коммерциялық жəне өндірістік қолданыстарда 3 ай сайын.
Тексеру кезінде жергілікті ережелерді сақтау керек.
Су көтеру станциясын кезеңдік тексерулерді рұқсат етілген
қызметкерлер орындауы керек жəне электр жəне
механикалық қызмет көрсетуді қамтуы керек.
Мыналарды тексеру қажет:
Шығару жəне кіріс қосылымдары
Су көтеру станциясының барлық қосылымдарының
тығыздығын жəне ағатын жерлер бар-жоғын тексеріңіз.
Кіріс, шығару жəне желдету құбырларының салмағының
қоймаға түспеуін қамтамасыз етіңіз. Ұзын құбыр
бөлімдерін, клапандарды, т.б. тіреу керек.
Тұтынылатын қуат
Фирмалық тақтайшаны қараңыз.
Кабель кірісі
Кабель кірісі су кіргізбейтінін жəне кабельдер қатты
бүгілмегенін жəне/немесе қысылмағанын тексеріңіз.
Сорғы бөлшектері
Сегіз бұранданы алып, сорғыны қоймадан ажыратып,
сорғы корпусының желдету тесігі таза екенін тексеріңіз.
Сорғылар қайтадан бекітілгенде, сорғы мен қойма
арасындағы О тəрізді сақинаны ауыстыру ұсынылады.
Таза сумен сынақ іске қосуды орындаңыз. Шу, вибрация
немесе қалыптан тыс жұмыс болса, Grundfos
компаниясына хабарласыңыз.
Подшипниктер
Біліктің шумен немесе ауыр жұмыс істеуін тексеріңіз.
Ақауы бар подшипниктерді ауыстырыңыз. Сорғыға толық
жөндеу подшипниктер зақымдалғанда немесе электр
қозғалтқышында ақау болғанда жасалады. Бұл жұмысты
өндіруші немесе рұқсат етілген қызмет көрсету
шеберханасы орындауы керек.
Бір бағыттық клапанды тазалау (жабдықталған болса)
Мыналардың орындалуы қажет:
1. Шығару құбырындағы жəне кіріс құбырындағы (орнатылған
болса) изоляциялау клапандарын жабыңыз немесе бір
бағыттық клапанның бүйірнідегі төгу бұрандасын
бекемдеу арқылы шығару құбырын төгіңіз. 4 - суретті
қараңыз.
2. Бір бағыттық клапанды қақпақ арқылы тазалаңыз.
Бір бағыттық клапанды қайта жинағанда тексеру
қақпағының төсемесін қайта орнатыңыз.
306
10.1 Механикалық қызмет көрсету
Жинау қоймасындағы жиналған болуы мүмкін шөгінділерді
жəне/немесе лайды алыңыз.
Су көтеру станциясының кіріс жағындағы кез-келген
бұғаттауды кетіріңіз. Бұғаттау əдетте үлкен қатты зат
болады.
Клапандардағы қосылымдардың төсемелерін, т.б. тексеріп,
қажет болса ауыстырыңыз.
Қоймада сынықтар мен деформациялар бар-жоғын
тексеріңіз. Бұл қате жинап, сол себепті қоймаған шамадан
тыс жүктеме түскен жағдайда орын алуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Жоғарыдағы тізім толық емес.
Су көтеру станцияларын мұқият жəне жиі техникалық қызмет
көрсетуді қажет ететін орталарда орнатуға болады.
10.2 Электр қозғалтқышы
Сорғының айналу бағытын келесідей өзгертіңіз:
Қуатты өшіріңіз.
Мотор үстіндегі көтеру скобасының бұрандасын жəне
гайканы бұрап алыңыз. 29 - суретті қараңыз.
Енді мотор білігінің үсті көрінеді. 30 - суретті қараңыз.
Білікті саңылауы үлкен бұрауышпен бұру арқылы ротор
мен жұмыс дөңгелегін еркін бұруға болатынын тексеріңіз.
29. сур. Көтеру скобасы
30. сур. Ойықты мотор білігінің үсті
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido