27. сур. Сымдардың диаграммасы, үш фазалық,
тұйықтауыштары бар, Multilift M.22.3.4
28. сур. Сымдардың диаграммасы, үш фазалық, мотордың
қорғауыш сақтандырғышы бар, Multilift M.22.3.4,
M.24.3.2., M.32.3.2 жəне M.38.3.2
9. Іске қосу
Назар аударыңыз
Денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін
сұйықтықтарды сору үшін пайдаланылатын
сорғымен кез келген жұмысты бастау
алдында сорғыны, шұңқырды, т.б. жергілікті
ережелерге сай мұқият тазалаңыз жəне
желдетіңіз.
Назар аударыңыз
LC 221 ішінде кез келген қосылымдарды жасау
немесе сорғыда, шұңқырда, т.б. жұмыс істеу
алдында қуат көзі өшірілгеніне жəне оның
кездейсоқ қосылмайтынына көз жеткізіңіз.
Іске қосу алдында қосылым мен параметрлерді орнатуды
8.3 Электр жабдығын жалғау жəне 8.4 LC 221 контроллерін
орнату бөлімдеріне сай орындау керек.
Іске қосуды рұқсат етілген қызметкерлер орындау керек.
Мыналардың орындалуы қажет:
1. Барлық қосылымдарды тексеріңіз.
2. Айырды қуат көзіне қосып, контроллерді іске қосу
қадамдарын орындаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Контроллердің қосылуына
15 секунд кетеді. Қуат көзін бірінші рет қосқанда, кірістің
жинақ оймасына қатысты биіктігіне сай іске қосу деңгейі
үшін үш мəнді таңдауға болады (еден деңгейінен 180, 250
немесе 315 мм жоғары). Бұған қоса, алдын ала
орнатылған шамадан тыс токты жəне өлшенген мотор
тогын растау керек. 8.4 LC 221 контроллерін орнату
бөлімін қараңыз. Енді контроллер автоматты режимге
дайын (таңдау қосқышы АВТО күйінде).
3. Шығару жəне кіріс жолақтарындағы изоляциялау
клапандарын ашыңыз.
4. Multilift M станциясының кіріс ағынына қосылған
санитарлық жабдықты белсендіріп, қоймадағы артып
жатқан сұйықтық деңгейін іске қосу деңгейіне дейін
бақылаңыз. Іске қосуларды жəне тоқтатуларды кемінде екі
рет тексеріңіз.
Егер сорғы кабелі контроллерден
ажыратылған болса, мысалы, кабельді бос
кабель өткізгіші арқылы өткізу үшін,
Ескерту
сорғының айналу бағытын тексеріңіз.
10.2 Электр қозғалтқышы бөлімін қараңыз.
305