1. Speed Wheel RV (FF)жүргізу доңғалағын орнату
Speed Wheel RV(FF) жүргізу доңғалағын орнату үшін төмендегі
қадамдарды жасаңыз:
(1) Руль мен сырғытқыш бөлікті үстелдің үсті сияқты тегіс бетке қатты
басу арқылы мықтап орналастыру үшін жүргізу доңғалағының
табанының астындағы төрт жабысқақ қалпақты пайдаланыңыз.
(2) "Y тəріздес" бекіткіш қамытты үстелдің шетіне жүргізу доңға
табанының алдыңғы панелінде жасырылған екі саңылауға кіргізіңіз
мықтап бұраңыз.
(3) Үдеткіш/тежегіш педалі мен сырғытқыш бөлікті Speed Wheel RV (FF)
жүргізу доңғалағына сымдардың көмегімен жалғаңыз.
Жүргізу доңғалағын мықтап орналастырып, ойын ойнаған кезде оның босап кетпеуін қамтамасыз ету үшін біз
екі қадамды да (1-ші жəне 2-ші) жасауға кеңес береміз.
2. Дербес компьютерге орнату
(1) Компьютердің қуат көзіне қосулы екеніне көз жеткiзiңiз.
(2) Драйвер жазылған ықшам дискіні CD-ROM дискіенгізгісіне салыңыз, сонда орнату бағдарламасы өздігінен
іске қосылады. Егер олай болмаса, Start/Run (Бастау/Жегу) əмірін таңдау арқылы орнату бағдарламасын
қолдан іске қосыңыз да, "Е:\setup" (мұндағы "Е" сіздің CD ROM дискіенгізгіңіздің орналасуын көрсетеді)
теріңіз, содан соң Enter пернесін басыңыз.
(3) Бағдарламалық жасақтаманы аяқтау үшін бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.
(4) Орнату аяқталғаннан кейін USB жүргізу доңғалағы сымының ағытпасын компьютердегі USB портына
жалғауға болады.
(5) Басқару доңғалағының шассиі бар АТ қуат бейімдеуішін жалғаңыз. Осы кезде жүргізу доңғалағы оңға-солға
бұрылып, реттеледі жəне тексеріледі, сондықтан оған тиіспеңіз. (тек Force Feedback үлгiсі үшiн)
(6) Бастау / Параметрлер / Басқару үстелі түймешігін нұқыңыз да, "Ойын контроллері" немесе "Ойнау
параметрлері" белгішесінің үстінен екі рет нұқыңыз.
(7) Жүргізу доңғалағының табаны мығым орналастырылғанына көз жеткізіңіз де, педальдарды еденге аяқ
ыңғайлы жететін жерге қойыңыз.
Ескерім: Тайғанақ жерге қоймаңыз
(8) Педальдің ағытпасын жүргізу доңғалағына жалғаңыз.
(9) Ойын контроллерін "Ойын контроллері" немесе "Ойнау параметрлері" бейнебетінде дəлдеуге жəне
тексеруге болады.
(10) Дəлдеуды жəне тексеруді аяқтағаннан кейін кез келген ойынды ойнауға болады.
Маңызды:
- Драйвер дербес компьютердегі DirectX 7.0a немесе одан жаңарақ нұсқада жұмыс істейді. Компьютердегі
DirectX нұсқасының үстінен нұқыңыз да, егер қажет болса, оны жаңартыңыз.
- Діріл пəрмені ойынның бағдарламалық жасақтамасына сəйкес болады.
3. Жұмысы мен жетесі
Жарық диоды айғақтауышы: Қызыл
8 жолдық жайма
Турбо жетесін орнату
(1) Əуелі Турбо батырмасын басыңыз да, ұстап тұрыңыз.
(2) Өздігінен қайталау немесе жылдам от алдыру (Турбо) күйінде орнатқыңыз келген батырманы "бір рет"
басыңыз.
(3) Турбо жетесін орнатқаннан кейін, Турбо жетесі орнатылған батырманы басқан кезде, жарық диоды күйінің
шамы жыпылықтайды.
Егер сіз Турбо жетесі болуға тиісті қандай да бір батырманы баспасаңыз, жарық диоды күйінің шамы
əрқашан жанып тұрады.
(4) Турбо жетесін жою үшін Турбо батырмасын басыңыз да, ұстап тұрып, Турбо жетесі болып орнатылуға тиісті
батырманы тағы бір рет басыңыз. Енді жарық диоды күйінің шамы əрқашан жанып тұрады.
Аналогтық күй
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-батырмалар
Күй батырмасы, Турбо/Өшіру батырмасы
лағының
де,
Сандық күй
Жарық диоды айғақтауышы: Жасыл
Көрініс іздегіш(POV)
21
ҚАЗАҚ