9 Сақтандырғыш кілтті енгізу және суырып алу
9
Сақтандырғыш кілтті
енгізу және суырып алу
9.1
Сақтандырғыш кілтті енгізу
► Қақпақты (1) тірелгенше ашып ұстаңыз.
► Сақтандырғыш кілтті (2) кілт бекіткішіне (3)
енгізіңіз.
► Қақпақты (1) жауып қойыңыз.
9.2
Сақтандырғыш кілтті суырып
алу
► Қақпақты тірелгенше ашып ұстаңыз.
► Сақтандырғыш кілтті суырып алыңыз.
► Қақпақты жауып қойыңыз.
► Сақтандырғыш кілтті балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
10 Көгалшапқышты қосу
және өшіру
10.1
Пышақты қосу және өшіру
10.1.1
Пышақты қосу
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Құлыптау түймесін (1) оң қолмен басып
тұрыңыз.
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын (2) сол қолмен бас тұтқаға (3) қарай
толықтай тартып, бас бармақ бас
тұтқада (3) жататындай етіп ұстаңыз.
Пышақ айналады.
► Құлыптау түймесін (1) жіберіңіз.
► Бас тұтқаны (3) және шабу жетегінің
берілістерді ауыстыру айырын (2) оң
қолмен бас бармақ бас тұтқада (3)
жататындай етіп ұстаңыз.
0478-131-9861-B
10.1.2
Пышақты өшіру
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын жіберіңіз.
► Пышақ айналмай қалғанша күтіңіз.
► Пышақ айналуын жалғастырса:
сақтандырғыш кілтті суырып алыңыз,
аккумуляторды шығарыңыз және STIHL
делдалына жолығыңыз.
Көгалшапқыш ақаулы.
11 Көгалшапқыш пен
аккумуляторды тексеру
11.1
Басқару элементтерін
тексеру
Құлыптау түймесі және берілістерді ауыстыру
айыры
► Сақтандырғыш кілтті суырып алыңыз.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Құлыптау түймесін басып жіберіңіз.
► Берілістерді ауыстыру айырын бас тұтқаға
қарай тартып жіберіңіз.
► Құлыптау түймесі немесе берілістерді
ауыстыру айыры қолжетімсіз болса немесе
бастапқы күйге оралмаса: көгалшапқышты
пайдаланбаңыз және STIHL делдалына
жолығыңыз.
Құлыптау түймесі немесе берілістерді
ауыстыру айыры ақаулы.
Пышақты қосу
► Сақтандырғыш кілтті енгізіңіз.
► Аккумуляторды енгізіңіз.
► Құлыптау түймесін оң қолмен басып
тұрыңыз.
► Берілістерді ауыстыру айырын сол қолмен
бас тұтқаға қарай толықтай тартып, бас
бармақ бас тұтқада жататындай етіп
ұстаңыз.
Пышақ айналады.
► 3 жарық диоды қызыл түспен жыпылықтаса:
Сақтандырғыш кілтті суырып алыңыз,
аккумуляторды шығарыңыз және STIHL
делдалына жолығыңыз.
Көгалшапқышта ақаулық орын алды.
► Құлыптау түймесін және берілістерді
ауыстыру айырын жіберіңіз.
Пышақ қысқа уақыттан кейін айналмай
қалады.
► Пышақ айналуын жалғастырса:
сақтандырғыш кілтті суырып алыңыз,
аккумуляторды шығарыңыз және STIHL
делдалына жолығыңыз.
Көгалшапқыш ақаулы.
қазақ
307