Уақыт:
Жыл сайынғы қопсыту үшін ең тамаша
уақыт — көктем.
Егер көгал жылына бір реттен көбірек
аэратормен өңделсе, бұл жұмыстарды
жаздың ортасында жəне күздің
ортасында орындамаған жөн.
Шөпке қопсытудан кейін қалпына келу
үшін екі апта керек. Сондықтан, көгалды
көктемгі өсу кезінде қопсыту оңтайлы
болып табылады.
Қатты өсіп кеткен көгалдарды жылына
екі рет өңдеу керек: бірінші рет –
көктемде, ал келесі рет – күзде.
Көгалды дайындау:
Қопсыту алдында шөпті шамамен 2-
3 см биіктікке қырқыңыз.
Көгал неғұрлым қысқа етіп кесілген
болса, ол соғұрлым жақсы
қопсытылады.
Көгал жаңадан тұқым себілген, ылғалды
немесе тым құрғақ болмауы керек.
Оңтайлы жұмыс нəтижесіне қол
жеткізу бойынша кеңестер:
● Топырақты тек шөп тамырларын
зақымдамайтындай етіп тырнау
керек. (
7.6)
● Аэраторды түзу, параллель
сызықтар бойымен жүргізіңіз.
● Бірдей жұмыс жылдамдығын
ұстаныңыз.
● Бұру алдында əрқашан аэратор
блогын тасымалдау күйіне
орнатыңыз. (
7.5)
● Бір орында ұзақ тұрмаңыз.
● Қатты басылған көгалды екінші рет
бірінші жолға кесе-көлденеңінен
қопсытыңыз.
0478 670 9907 B - KK
Қопсытудан кейін:
● Көгалдан қопсытудан пайда болған
материалды мұқият кетіріңіз.
● Көгалға тыңайтқыш себіңіз жəне
ықтимал бос орындарды қосымша
өңдеңіз.
● Көгалды жақсылап суарыңыз.
8.2 Пайдаланушының жұмыс
аймағы
● Жұмысты бастаған жəне іштен
жанатын қозғалтқыш іске қосылған
жағдайда қауіпсіздік түсінігіне орай,
пайдаланушы əрдайым бас тұтқаның
артында тұруы керек. Жұмыс істеп
тұрған шапқыштан əркез қауіпсіз
қашықтықта тұрыңыз.
● Аэраторға тек бір адам қызмет
көрсете алады, бөгде адамдар
қауіпті аймақтан тыс болуы керек.
(
4.)
8.3 Аэратор блогы бұғатталған
жағдайда
● Іштен жанатын қозғалтқышты бірден
сөндіріп, от алдыру білтесі сымының
штекерін суырып алыңыз.
● Содан кейін машинада, əсіресе
аэратор блогында зақымдардың бар-
жоғын тексеріңіз жəне ақаудың
себебін жойыңыз.
9. Сақтандырғыш
құрылғылар
Қауіпсіз түрде пайдалану жəне
мақсатынан тыс қолданудан қорғану
мақсатында, құрылғы бірнеше
сақтандырғыш құрылғымен
жабдықталған.
Жарақат алу қаупі бар!
Егер сақтандырғыш құрылғыда
ақау табылса, құрылғыны
7
пайдалануға болмайды.
Делдалға жүгініңіз, STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
9.1 Қорғаныс құрылғылары
Аэратор пышақ пен қопсытудан пайда
болған лақтырылатын материал
арасындағы кездейсоқ байланысты
болдыртпайтын қорғаныс
құрылғыларымен жабдықталған.
Оларға корпус, лақтырманың қақпағы
жəне дұрыс құрастырылған бас тұтқа
жатады.
9.2 Қозғалтқышты тоқтату
тұтқасы
Аэратор қозғалтқышты тоқтату
құрылғысымен жабдықталған.
Іске қосылған кезде, қозғалтқышты
тоқтату тұтқасын (10) жібергеннен кейін
іштен жанатын қозғалтқыш сөнеді.
1
513