25 Көгалшапқышқа арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
Сақтандыру
■ Аталмыш көгалшапқышпен бірге берілген
барлық қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын, нұсқауларды, суреттер мен
техникалық деректерді оқып шығыңыз.
Төмендегі нұсқаулар орындалмаған
жағдайда, ток соғу, өрту және/немесе ауыр
жарақат алу қаупі туындауы мүмкін. Барлық
қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және
жалпы нұсқауларды болашақта пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
25.2
Оқыту
a) Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз. Басқару органдарымен
және машинаны тиісінше пайдалану
әдісімен танысып шығыңыз;
b) балаларға немесе пайдалану жөніндегі
нұсқаулықпен таныспаған басқа адамдарға
көгалшапқышты пайдалануға ешқашан жол
бермеңіз. Жергілікті заңнама
пайдаланушының ең төмен жасын белгілеуі
мүмкін;
c) жақын маңда адамдар, әсіресе балалар
немесе жануарлар болғанда шабуға тыйым
салынады;
d) оператор немесе пайдаланушы басқа
адамдардың немесе оның меншігінің
қатысуымен болған сәтсіз жағдайларға
жауапты екенін ескеріңіз.
25.3
Дайындық шаралары
a) Машинаны пайдаланған кезде әрдайым
берік аяқ киім мен ұзын шалбар киіп жүру
керек. Машинаны жалаңаш аяқпен немесе
жеңіл сандал киіп пайдалануға болмайды.
Бос киімді немесе жіптері не баулары
асылып тұрған киімді киюге болмайды.
b) Машина пайдаланылатын алаңды тексеріп
шығыңыз және машинамен ұсталып қалуы
және лақтырылуы мүмкін барлық бөгде
заттарды кетіріңіз.
c) Пайдаланбас бұрын әрдайым кескіш
пышақтар, бекіткіш болттар және бүкіл
кескіш блоктың тозғанын немесе
зақымдалғанын қарап шығыңыз.
Теңгерімсіздіктің алдын алу үшін тозған
немесе зақымдалған кескіш пышақтар мен
бекіткіш болттарды тек тізбек бойынша
батыруға болады. Тозған немесе
зақымдалған нұсқау тақтайшаларын
алмастыру қажет.
0478-131-9861-B
25.4
Қолдану
a) Тек күндізгі жарықта және жақсы жасанды
жарықтандыру бар кезде шабыңыз.
b) Мүмкін болса, құрылғыны ылғал шөпте
пайдаланбаған жөн.
c) Әрқашан еңіс жерлердегі қалпыңызды
бақылаңыз.
d) Машинаны тек қадамдық жылдамдықпен
қозғалтыңыз.
e) Әрдайым еңіс бойымен шабыңыз, еңіспен
көтерілуге немесе түсуге болмайды.
f) Еңіс жерлерде қозғалыс бағытын
өзгерткенде әсіресе сақ болыңыз.
g) Аса шұғыл еңіс жерлерде шабуға
болмайды.
h) Көгалшапқышты бұрғанда немесе өзіңізге
қарай тартқанда әсіресе сақ болыңыз.
i) Көгалшапқышты шөптен басқа беттердің
үстінен төңкеру қажет болғанда және
көгалшапқыш шабыс ауданынан және оған
қарай жылжығанда, кескіш пышақты
(пышақтарды) ұстап тұрыңыз.
j) Қорғаныш құрылғылары немесе қорғаныш
торы зақымдалған немесе қорғаныш
құрылғылары, мысалы, қалқалар және/
немесе шөп жинағыш құрылғылар
орнатылмаған көгалшапқышты еш
жағдайда пайдаланбаңыз.
k) Стартер ажыратқышын өндірушінің
нұсқауларына сәйкес, мұқият іске қосыңыз
немесе басқарыңыз. Аяғыңыз кескіш
пышақтан (пышақтардан) әрқашан жеткілікті
қашықтықта болуын қадағалаңыз.
l) Қозғалтқышты іске қосқан немесе
оталдырған кезде көгалшапқыш процесс
барысында көтерілуі тиіс болмаса, оны
төңкеруге болмайды. Бұл жағдайда оны тек
қажеттілікке сәйкес дәрежеге төңкеріңіз
және тек пайдаланушыдан қайырылған
жағынан көтеріңіз.
m
Қозғалтқышты лақтырма науасының
алдында тұрып іске қоспаңыз.
)
n) Ешқашан айналмалы бөліктердің үстіне
немесе астына қол не аяқты салмаңыз.
Лақтырманың тесігінен әрқашан алшақ
тұрыңыз.
o) Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған
көгалшапқышты ешқашан көтермеңіз
немесе тасымалдамаңыз.
қазақ
317