Жұмыс Кеңістігі Және Қоршаған Орта; Қауіпсіз Күй; Stihl Al - Stihl RMA 248 Manual De Instrucciones

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 41
қазақ
көзілдірігі EN 166 стандарты немесе
ұлттық нұсқамаларға сәйкес тексерілген
және оның тиісі сауда таңбаламасы бар.
► Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіп жүріңіз.
4.5
Жұмыс кеңістігі және
қоршаған орта
4.5.1
Көгалшапқыш
Сақтандыру
■ Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен жануарлар
көгалшапқыш пен лақтырылған бөгде
заттардың тәуекелдерін анықтай алмауы
және бағалай алмауы мүмкін. Өкілетсіз
тұлғалар, балалар мен жануарларға ауыр
жарақат тиюі және материалдық залал
туындауы мүмкін.
► Өкілетсіз тұлғалар, балалар мен
жануарларды жұмыс аймағынан
алшақ ұстаңыз.
► Бөгде заттардан қауіпсіз арақашықтық
сақтаңыз.
► Көгалшапқышты қараусыз қалдырмаңыз.
► Балалардың көгалшапқышпен
ойнамағанын қадағалаңыз.
■ Көгалшапқыш судан қорғалмаған. Жанбыр
жауған кезде немесе ылғалды ортада
жұмыс істеген жағдайда, ток соғу қаупі
туындауы мүмкін. Пайдаланушы жарақат
алуы және көгалшапқыш зақымдалуы
мүмкін.
► Жаңбыр астында және ылғалды ортада
жұмыс істеуге болмайды.
► Ылғалды шөпті шабуға болмайды.
■ Көгалшапқыштың электрлік құрамдас
бөлшектері ұшқын тудыруы мүмкін. Ұшқын
тұтанғыш немесе жарылғыш ортада өрт
және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы не қаза табуы
немесе материалдық зияннан зардап шегуі
мүмкін.
► Оңай тұтанатын немесе жарылысқа
қауіпті ортада жұмыс істемеңіз.
4.5.2
Аккумулятор
Сақтандыру
■ Бөтен тұлғалар, балалар және жануарлар
аккумулятордан туындайтын қауіптілікті
байқамай оны бағаламауы мүмкін. Бөгде
адамдар, балалар және жануарлар ауыр
жарақат алуы мүмкін.
► Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар
алшақ жерде болуы тиіс.
300
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Аккумуляторды қараусыз қалдырмаңыз.
► Аккумулятор құрылғы балалардан алыс
болғанына көз жеткізу керек.
■ Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер аккумулятор қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне ұшыраса,
онда аккумулятор тұтануы немесе жарылуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► Аккумуляторды қызудан және
оттан қорғаңыз.
► Аккумуляторды отқа тастамаңыз.
► ‑ 10 °C және + 50 °C
температурасының аумағында
аккумуляторды орнатыңыз және
сақтаңыз.
► Аккумуляторды жаңбырдың,
ылғалдың әсерінен қорғаңыз және
сұйықтыққа батырмаңыз.
► Аккумуляторды металл заттардан алшақ
сақтаңыз.
► Аккумуляторды жоғары қысымға
ұшыратпаңыз.
► Аккумуляторды қысқа толқындардың
әсеріне ұшыратпаңыз.
► Аккумуляторды химикаттар мен
тұздардан қорғаңыз.
4.6
Қауіпсіз күй
4.6.1
Көгалшапқыш
Келесі шарттар орындалған кезде,
көгалшапқыш қауіпсіз жұмыс күйінде болады:
– Көгалшапқыш зақымдалмаған.
– Көгалшапқыш таза және құрғақ.
– Басқару элементтері қызмет етеді және
модификацияланбаған.
– Пышақ тиісінше орнатылған.
– Аталмыш көгалшапқыш үшін түпнұсқа
STIHL керек-жарақтары орнатылған.
– Керек-жарақтар тиісінше орнатылған.
Сақтандыру
■ Қауіпсіздігі бұзылған күйде құрамдас
бөлшектер бұдан былай тиісінше жұмыс
істей алмайды және сақтандырғыш
құрылғылар істен шығуы мүмкін. Адамдар
ауыр немесе қазалы жарақат алуы мүмкін.
► Зақымдалмаған көгалшапқышпен жұмыс
істеңіз.
► Көгалшапқыш ластанған немесе сулы
болса: көгалшапқышты тазалап
құрғатыңыз.
► Көгалшапқышты модификацияламаңыз.
0478-131-9861-B
loading