OBJ_BUCH-3148-001.book Page 199 Thursday, September 28, 2017 10:53 AM
Құралды тек қана оқшауланған үстілерінен ұстаңыз
(бас қол тұтқасы 11, алдыңғы қол тұтқасы 6 немесе
кеңейтілген тұтқа аумағы8), себебі кесу пышағы
көзбен көрінбейтін электр кабельдерін түртіа кетуі
мүмкін. Кесу пышақ құралының кернеу өткізуші
кабельдерінің бірін түртіп қалуы құралдың металлдан
жасалған бөлшектерін де кернеу астына қойып, электр
соққыға апаруы мүмкін.
Электрбұйымның қию пышағы көрінбейтін тоқ
кабелдеріне тиіп қала алатындығынан осы
электрбұйымды тек қана оның изоляциялап
айырылған арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз. Қию
пышақ кернеу өткізетін бір кабелге тиіп қалғанында
электрбұйымның металл бөлшектері кернеу әсері
астына қойылып, бұл электр соққысына апара алады.
Бақ қайшыны, пышағын өшіріп алып, тұтқасынан
ұстап тасуыңыз керек. Бақ қайшысын
тасымалдаған немесе сақтаған уақытта үстінен
әрқашан қорғау жапқышымен жауып қою керек.
Электрбұйымды ұқыпты түрде қолдану оның
пышағынан түсе алатын жаралану қауібін азайтады.
Электрбұйымды қолдану алдынан барлық қорғау
құралдары мен тұтқыштардың лайықты түрде
енгізіліп орнатылғанын тексеріп алыңыз.
Толығымен жинақтап орнатылмаған электрбұйымды
немесе рұқсат етілмеген өзгертулері бар
электрбұйымды ешқашан іске қосып қолданбаңыз.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Балаларға, дене, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеттері шектелген болған адамдарға немесе
осындай бұйымдармен жұмыс тәжірибесі жеткіліксіз
болған және/немесе білімі жеткіліксіз болған
және/немесе осы қолдану нұсқаулықпен таныс
болмаған адамдарға ешқашан осы бақ электр
бұймымен жұмыс істеуге рұқсат етпеңіз. Электр бұйым
қолданушының жасы бойынша мәліметтер бұйыс
қолданылатын елдегі ұлттық ережелер арқылы
шектелуі мүмкін.
Балалардың бақ электр бұйымымен ойнамауын
қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек.
Жұмыс барысында құралды тиісті тұтқа үстілерінен
екі қолмен бекем түрде ұстап, тұрақты түрде
тұрыңыз. Құрал екі қолмен қаупсіздірек басқарылып
жүргізіле алынады.
Құралды әрқашан оның пышақ ұстағышы көлденең
жататындай қылып ұстаңыз.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Электрбұйым қолданылып жатқан уақытта оған дейінгі
3 метрлік аралық ішінде басқа адамдар немесе
жануарлардың болмауы қажет. Жұмыс істеліп жатқан
аумақта электрбұйым қолданушы үшінші тараптарға
қарай жауапты болады.
Жақын жерде басқа адамдар, әсіресе балалар немесе
үй жануарлары бар болғанда бақ қайшысын ешқашан
сыртқа шығарып қолданбаңыз.
Bosch Power Tools
Электрбұйым иесі немесе қолданушысы басқа
адамдардың денсаулығына немесе осылардың мүлігіне
түскен апаттар немесе шығындар үшін жауапты
болады.
Бақ қайшысын ешқашан пышақ діңгегінен ұстамаңыз.
Қиып кесілетін бұталар мен ағаштарды мұқият тексеріп,
үстінде болған сымдар немесе басқа заттарды алдымен
жинап шығарып алыңыз.
Қолдану алдынан әрқашан қию құралдың пышағы,
пышақ бұрандалары немесе басқа бөлшектерінің
тозған немесе бұзылған түрде болмағанын тексеріңіз.
Бұзылған немесе тым тозып кеткен қию құралымен
ешқашан жұмыс істемеңіз.
Керек болған жағдайда бақ қайшысын тоқтата алу үшін
оның қолдану туралы нұсқаулығын толығымен оқып
шығыңыз.
Бақ қайшысымен қиып кесу әрекеттерін тек қана күн
жарықтығында немесе күші жеткілікті болған жасанды
жарықтықта өткізу керек.
Бақ қайшысын қолдану алдынан онымен бірге қорапта
болған барлық тұтқыштар мен қорғау құралдарының
енгізіліп орнатылғанын тексеріп алыңыз. Толығымен
жинақтап орнатылмаған электрбұйымды немесе рұқсат
етілмеген өзгертулері бар бақ қайшысын ешқашан іске
қосып қолданбаңыз.
Бақ қайшысын ешқашан оның қорғау құралынан
ұстамаңыз.
Бақ қайшысын қолданғанда әрқашан тұрақты түрде
тұрып, тепетеңдекті ұстанып жүріңіз. Құралды ешқашан
басқыш немесе баспалдақтарда тұрып қолданбаңыз.
Қиып кесу әрекеттері уақытында өзіңіз естімейтін
мүмкін болып қалатын қауіп сәттеріне дайын болып,
өзіңіздің жұмыс істеп жатқан жеріңізді жақсылап танып
алыңыз.
Бақ қайшысының лайықты жұмыс қалпын қамтамасыз
ету үшін барлық сомдардың, бүркеншіксіз шегелердің
және бұрандалардың бекітіліп қондырылуын тексеріп
алыңыз.
Бақ қайшысын, оны қолданбаған уақытта құрғақ, жабық
және балалар қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бұзылған немесе әбден тозып кеткен бөлшектерді
қауіпсіздік себептерінен ауыстыру қажет.
Қажетті арнайы біліміңіз болмаса бақ электрбұйымын
өзіңіз жөндемеіңіз.
Ауыстырылатын бөлшектерінің Бош фирмасының
бұйымдары болғанына назар аударыңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумулятор енгізу алдынан бақ электрбұйымның
өшіріліп тұрғанын тексеріп алыңыз. Қосылып тұрған
бақ электрбұйымына аккумулятор енгізу әрекеттері
апаттарға апара алады.
Тек қана осы бақ электрбұйымы үшін арналған
арнайы Bosch аккумуляторларын қолданыңыз.
Қазақша | 199
F 016 L81 577 | (28.9.17)