Өлшеу Функциялары - Bosch GIM 60 L Professional Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para GIM 60 L Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
162 | Қазақ
Лазерді қосу/өшіру
Лазер сәулесін қосу үшін лазерді қосу/өшіру түймесін (16)
басыңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Лазер сәулесін өшіру үшін лазерді қосу/өшіру түймесін (16)
қайтадан басыңыз.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз
u
және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз.
Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру
мүмкін.
Лазерді пайдаланбасаңыз, оны электр қуатын үнемдеу үшін
өшіріңіз.
Өлшем бірлігін ауыстыру (A суретін қараңыз)
Әрдайым "°", "%" және "мм/м" өлшем бірліктерінің арасында
ауысуға болады. Ол үшін өлшем бірліктерін ауыстыру
түймесін (20) қажетті өлшем бірлігі (c) немесе (f)
индикаторында пайда болғанша басыңыз. Ағымдағы өлшеу
мәні (d) автоматты түрде есептеледі.
Өлшем бірлігінің реттеуі өлшеу құралын өшіріп қосқанда
сақталады.
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
Дыбыстық сигнал түймесі (17) дыбыстық сигналды қосып
өшіруге мүмкіндік береді. Дыбыстық сигнал қосылып
тұрғанда, дисплейде дыбыстық сигнал индикаторы (h) пайда
болады.
Өлшеу құралы қосылғанда, әдетте дыбыстық сигнал
қосылады.
Өлшеу мәнінің индикаторы және туралау көмекші
құралдары
Өлшеу мәні (d) өлшеу құралын әр қозғалтқан сайын
жаңартылады. Өлшеу құралының елеулі қозғалыстарынан
кейін өлшеу мәнін ол бұдан былай өзгермегенше оқымай
тұрыңыз.
Өлшеу құралының күйіне байланысты өлшеу мәні мен өлшем
бірлігі дисплейде 180°-қа бұрылған күйде көрсетіледі.
Осылайша индикаторды бас үстінен жұмыс істеген кезде де
оқуға болады.
Өлшеу құралы туралау көмекші құралдары (a) арқылы оны
мақсатты мәнге қол жеткізу үшін қандай бағытпен еңкейту
керектігін көрсетеді. Мақсатты мән стандартты өлшеулерде
көлденең немесе тік сызық болып, Hold/Copy
функциясында сақталған өлшеу мәні және өзгертілген нөл
нүктесінде сақталған нөл нүктесі болады.
Мақсатты мәнге қол жеткізген жағдайда, туралау көмекші
құралының көрсеткісі (a) сөнеді және дыбыстық сигнал
қосылып тұрғанда, үздіксіз сигнал беріледі.
Өлшеу функциялары
Өлшеу мәнін бекіту/көшіру (D суретін қараңыз)
Hold/Copy (22) түймесінің көмегімен 2 функцияны
басқаруға болады:
– Өлшеу мәнін бекіту (Hold), өлшеу құралы кейін
жылжытылса да (мысалы, өлшеу құралы дисплей жақсы
көрінбейтін күйде тұрған кезде);
– Өлшеу мәнін көшіру (Copy).
Hold функциясы:
– Hold/Copy (22) түймесін қысқаша басыңыз. Ағымдағы
өлшеу мәні (d) дисплейде бекітіліп сақталады, H
индикаторы жыпылықтайды.
– Hold/Copy (22) түймесін қайтадан басып, Hold
функциясының жұмысын аяқтаңыз. Сақталған мән
жойылады. Қалыпты өлшеу жалғастырылады.
Copy функциясы:
– Hold/Copy (22) түймесін ұзақ басыңыз. Ағымдағы өлшеу
мәні (d) және H индикаторы жыпылықтайды.
– Өлшеу мәні (3 секунд) жыпылықтағанда, өлшеу мәнін
қосымша дәлдеп реттеуге болады. Өлшем бірлігін
ауыстыру түймесін (20) басу арқылы мәнді көтеруге және
Cal (21) түймесін басу арқылы мәнді төмендетуге болады.
– Егер өлшеу мәні түзетілмесе, ол 3 секунд жыпылықтап,
сонан соң жадқа сақталады және ағымдағы өлшеуге өтеді.
H индикаторы дисплейде үздіксіз көрсетіледі.
– Көшірілген мәнді шақыру үшін Hold/Copy (22) түймесін
қайтадан қысқаша басыңыз.
– Өлшеу құралын өлшеу мәні көшірілетін мақсатты орынға
қойыңыз. Бұл ретте өлшеу құралын туралау маңызды
болып табылады. Туралау көмекші құралдары (a)
1 609 92A 58J | (29.11.2019)
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido