Нивелирлеу Автоматикасы; Өлшеу Құралының Дәлдігін Тексеру - Bosch GLL 2-20 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GLL 2-20 Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 18
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
(F−G суреттерін қараңыз)
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеген кезде,
маятникті бұғаттау индикаторы (12) жанбауы тиіс. Қажет
болса, маятникті бұғаттау түймесін Lock(8) басу арқылы
нивелирлеу автоматикасын маятникті бұғаттау
индикаторы сөнетіндей етіп қайта қосыңыз.
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, әмбебап
ұстағышқа (13) немесе штативке (23) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса,
нивелирлеу аяқталады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы,
өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан 4°
шамасынан артық ығысса, нивелир ескертуі (10) жанып,
лазер автоматты түрде өшіп қалады.
Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденең қойып,
нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4°
шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағының аясында
қайтадан орналасса, нивелир ескертуі (10) сөніп, лазер
қосылады.
±4° өздігінен нивелирлеу аймағынан тыс нивелирлеу
автоматикасымен жұмыс істеу мүмкін емес, себебі кері
жағдайда лазер сәулелерінің нивелирлеу дәлдігі де,
лазер сәулелерінің арасындағы дұрыс бұрыш та
қамтамасыз етілмейді.
Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа
нивелирлеген соң өлшеу құралының жылжып қалуынан
қателердің алдын алу үшін көлденең немесе тік лазер
сызығының күйін негізгі нүктелерге салыстырып
тексеріңіз.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу (E суретін
қараңыз)
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін маятникті
бұғаттау түймесін Lock (8) басыңыз. Маятникті бұғаттау
тетігі қосылып тұрғанда, маятникті бұғаттау индикаторы
(12) қызыл түспен жанып тұрады.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде,
нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын
еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады.
Лазер сызықтары бұдан былай нивелирленбейді және
бір-біріне тігінен өтпейді.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Температура айырмашылығы еденге жақын аймақта
үлкен болғаны үшін, өлшеу құралын мүмкіндігінше
штативке орнатып, жұмыс аймағының ортасына
орналастыру қажет.
Bosch Power Tools
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Көлденең осьтің көлденең нивелирлеу дәлдігін
тексеру
Тексеру үшін берік бетте A және B екі қабырғасының
арасында 5 м шамасындағы еркін өлшеу қашықтығы
керек болады.
– Өлшеу құралын А қабырғасының жанындағы штативке
немесе қатты тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын
қосыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен қиысу жұмыс
режимін таңдаңыз.
A
5 m
– Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу
құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада
айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз
(Ⅰ нүктесі).
A
180°
– Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер
сызықтарының арғы B қабырғасындағы айқыш-ұйқыш
нүктесін белгілеңіз (Ⅱ нүктесі).
– Өлшеу құралын бұрамай B қабырғасының қасында
қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.
Қазақ | 49
B
B
1 609 92A 4HK | (08.10.2020)
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido