Hilti DD VP-U Manual De Instrucciones Original página 148

Ocultar thumbs Ver también para DD VP-U:
1.3
Өнім туралы ақпарат
өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті
қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта
қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Түр белгісі
Буын
Сериялық нөмір
1.4
Сәйкестілік декларациясы
Өндіруші осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы заңнамаға және қолданыстағы
стандарттарға сәйкес екендігін толық жауапкершілікпен жариялайды. Сәйкестілік декларациясының
суреті осы құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар
▶ Оған қоса жүйелік өнімдердің (вакуумдық тірек тақтасы, станина, алмасты бағаналы бұрғы білдек)
тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтарындағы қауіпсіздік пен пайдалануға қатысты барлық нұсқау-
ларды оқып шығыңыз.
▶ Сорғының желдету саңылауларын кір мен шаңнан таза ұстаңыз. Құрылғының қатты қызуына жол
бермеу үшін құрылғының ауа шығару саңылауынан жеткілікті арақашықтық сақтаңыз.
▶ Сорғыны пайдалану кезінде көлденең және құрғақ бетке қойыңыз және вакуумдық сорғыны
сырғанап кетуден қорғаңыз.
▶ Электр қуатының берілуі үзілген немесе өнімде ақау пайда болған жағдайда, вакуум қысқа уақытқа
сақталады.
Жұмысты бірден тоқтатып, вакуумдық сорғы мен вакуумдық тірек тақтасындағы
манометрді тексеріп шығыңыз. Бұрғылау жүйесін құлап түсуге қарсы бекітіңіз.
▶ Өнімде ешқандай өзгерту немесе бейімдеу жұмыстарын орындамаңыз.
▶ Тек Hilti қосалқы бөлшектерін пайдаланыңыз.
▶ Вакуумдық сорғыны әр тасымалдау алдында су бөлгішті алып тастаңыз.
▶ Жұмыс орнын жақсы жарық түсумен қамтамасыз етіңіз.
▶ Вакуумдық шлангінің саңылаусыздығын және онда зақымдардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз және ақаулы шлангілерді дереу алмастырыңыз.
▶ Вакуумдық шлангінің бүгілуіне жол бермеңіз.
▶ Желілік және ұзартқыш кабельдерді, сорғыш және вакуумды шлангілердің аспаптың айналып
жатқан бөліктерінен аулақ ұстаңыз.
▶ Өнім дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдардың (әсіресе балалардың) тарапынан пайдаланылуға арналмаған. Осы адамдарға жауапты
адам құрылғыны қауіпсіз қолдану жөнінде нұсқаулар беріп, олар құрылғыны пайдаланған кезде
қадағалап тұруы тиіс.
▶ Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру үшін
тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз. Электрлік құралдың байланыс кабелі зақымдалған
жағдайда оны арнайы дайындалған және рұқсат етілген кабельге ауыстыру керек. Оған клиенттерге
қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс беруге болады. Тұрақты түрде ұзартқыш кабельдерді
тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз. Жұмыс кезінде желілік немесе
ұзартқыш кабель зақымдалған жағдайда оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан
шығарыңыз. Ақаулы электр қуаты кабельдері және ұзартқыш кабельдер электр тогының соғу қаупін
тудырады.
144
Қазақ
DD VP-U
01
416185
*416185*
loading