қазақ
► Көгалшапқыш сулы болса: Көгалшапқышты
кептіріңіз.
► Аккумулятор сулы болса: Аккумуляторды
кептіріңіз.
► Көгалшапқышты тазалаңыз.
► Аккумуляторды тазалаңыз.
14 Тасымалдау
14.1
Көгалшапқышты тасымалдау
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
Пышақ айналмауы тиіс.
► Сақтандырғыш кілтті суырып алыңыз және
аккумуляторды шығарыңыз.
Көгалшапқышты жылжыту
► Көгалшапқышты баяу және бақылай
отырып алға қарай жылжытыңыз.
Көгалшапқышты тасу
► Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіп жүріңіз.
► Көгалшапқышты жайылған бас тұтқамен
тасыған жағдайда:
► Көгалшапқышты бір адам екі қолмен
корпустың алдыңғы жағынан ұстап тұруы,
ал екінші адам екі қолмен бас тұтқасынан
ұстап тұруы қажет.
► Көгалшапқышты екі адам көтеріп
тасымалдауы тиіс.
► Көгалшапқышты жиналған бас тұтқамен
тасыған жағдайда:
► Бас тұтқаны жинаңыз,
► Көгалшапқышты бір адам екі қолмен
корпустың алдыңғы жағынан ұстап тұруы,
ал екінші адам екі қолмен бас тұтқасынан
ұстап тұруы қажет.
► Көгалшапқышты екі адам көтеріп
тасымалдауы тиіс.
Көгалшапқышты автомобиль ішінде
тасымалдау
► Көгалшапқышты ол төңкерілмейтіндей және
қозғалмайтындай етіп тік күйінде бекітіңіз.
316
7.2.2.
14.2
Аккумуляторды тасымалдау
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Аккумулятордың қауіпсіз жұмыс күйінде
болғанына көз жеткізіңіз.
► Аккумуляторды төмендегі шарттарға сәйкес
ораңыз:
– Орауыш электр тогын өткізбейді.
– Аккумулятор орауыш ішінде
қозғалмайды.
► Орауышты қозғалмайтындай етіп бекітіңіз.
Аккумуляторды тасымалдау үшін, қауіпті
жүктерді тасымалдау талаптары
қолданылады. Аккумулятор UN 3480 (литий-
ионды аккумуляторлар) ретінде жіктеліп,
тексерістер және шарттар бойынша UN
нұсқаулығының III бөлімі, 38.3 тарауына
сәйкес тексерілді.
Тасымалдау ережелері www.stihl.com/safety-
data-sheets сілтемесі бойынша қолжетімді.
15 Сақтау шарттары
15.1
Көгалшапқышты сақтау
► Көгалшапқышты өшіріп, сақтандырғыш
кілтті суырып алыңыз және аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты төмендегі шарттарға
сәйкес сақтаңыз:
– Көгалшапқыш балалардың қолы жете
алатын аядан тыс.
– Көгалшапқыш таза және құрғақ.
– Көгалшапқыш төңкерілмейді.
– Көгалшапқыш домалап кете алмайды.
15.2
Аккумуляторды сақтау
STIHL компаниясы аккумуляторды 40 % және
60 % аралығындағы заряд деңгейінде (2
жарық диоды жасыл түспен жанып тұрады)
сақтауға кеңес береді.
► Аккумуляторды төмендегі шарттарға сәйкес
сақтаңыз:
– Аккумулятор балалардың қолы жетпейтін
жерде тұр.
– Аккумулятор таза және құрғақ.
– Аккумулятор жабық жерде тұр.
– Акккумулятор көгалшапқыш пен
зарядтағыш құрылғыдан бөлек тұр.
– Аккумулятор электр тогын өткізбейтін
қаптамада.
– Аккумулятор - 10 °C және + 50 °C
аралығындағы температура
диапазонында.
14 Тасымалдау
0478-131-9862-B