қазақ
► Аккумуляторды таза және құрғақ күйінде
ұстаңыз.
► Аккумуляторды жабық және құрғақ жерде
сақтаңыз.
► Аккумуляторды көгалшапқыштан және
зарядтағыш құрылғыдан бөлек сақтаңыз.
► Аккумуляторды электр тогын өткізбейтін
қаптамада сақтаңыз.
► Аккумуляторды - 10 °C және + 50 °C
аралығындағы температура
диапазонында сақтаңыз.
4.10
Тазалау, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу
Сақтандыру
■ Егер тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу барысында сақтандырғыш
кілт пен аккумулятор енгізілген болса,
пышақ кенет қосылуы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы және материалдық
зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Сақтандырғыш кілтті суырып
алыңыз.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
■ Өткір тазалағыш құралдар, су ағынымен
тазалау немесе өткір ұшты заттар
көгалшапқышқа, пышаққа және
аккумуляторға зақым келтіруі мүмкін.
Көгалшапқыш, пышақ және аккумулятор
тиісінше тазаланбаған жағдайда, құрамдас
бөлшектер тиісінше жұмыс істемеуі және
сақтандырғыш құрылғылар қауіпсіздік
функциялары бұзылуы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Көгалшапқышты, пышақты және
аккумуляторды аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай
тазалаңыз.
■ Көгалшапқыш, пышақ немесе аккумулятор
тиісінше күтілмеген немесе жөнделмеген
жағдайда, құрамдас бөлшектер тиісінше
жұмыс істемеуі және сақтандырғыш
құрылғылар қауіпсіздік функциялары
бұзылуы мүмкін. Адамдар ауыр немесе
қазалы жарақат алуы мүмкін.
► Көгалшапқыш пен аккумуляторға өз
бетіңізбен техникалық қызмет
көрсетпеңіз немесе тазаламаңыз.
► Көгалшапқышқа немесе аккумуляторға
техникалық қызмет көрсету немесе
310
5 Көгалшапқышты пайдалануға дайындау
оларды тазалау қажет болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
► Пышаққа аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай техникалық
қызмет көрсетіңіз.
■ Пышақты тазалаған, жөндеген немесе оған
техникалық қызмет көрсеткен жағдайда,
пайдаланушыны өткір жиектер кесіп алуы
мүмкін. Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіп жүріңіз.
■ Қайрау кезінде пышақ қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланушы өзін күйдіріп алуы мүмкін.
► Пышақ суығанша күтіңіз.
► Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіп жүріңіз.
5
Көгалшапқышты
пайдалануға дайындау
5.1
Көгалшапқышты пайдалануға
дайындау
Әр жұмысты бастамас бұрын төмендегі
әрекеттерді орындау қажет:
► Төмендегі құрамдас бөлшектердің қауіпсіз
күйінде болғанына көз жеткізіңіз:
– Көгалшапқыш,
– Пышақ,
4.6.2.
– Аккумулятор,
► Аккумуляторды тексеріңіз,
► Аккумуляторды толығымен зарядтаңыз,
6.1.
► Көгалшапқышты тазалаңыз,
► Пышақты тексеріңіз,
► Бас тұтқаны орнатыңыз,
► Бас тұтқаны жайыңыз,
► Шапқаннан кейін шөп жинағышта шабылған
шөп жиналса: шөп жинағышты іліңіз,
7.3.2.
► Шапқан кезде шабылған шөп артқа түсірілуі
қажет болса: шөп жинағышты босатыңыз,
7.3.3.
► Кесік биіктігін реттеңіз,
► Басқару элементтерін тексеріңіз,
► Басқару элементтерін тексеру
барысында 3 жарық диоды қызыл түспен
жыпылықтаса: сақтандырғыш кілтті
суырып алыңыз, аккумуляторды
шығарыңыз және STIHL делдалына
жолығыңыз.
Көгалшапқышта ақаулық орын алды.
► Әрекеттерді орындау мүмкін болмаса:
Көгалшапқышты пайдаланбаңыз және
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.6.1.
4.6.3.
11.3.
16.2.
11.2.
7.1
7.2.1.
12.2.
11.1.
0478-131-9862-B